ҚазҰУ Наурыз мейрамын атап өтті

ҚазҰУ Наурыз мейрамын атап өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. «Жаңа Қазақстан: Қоғамды ұйыстыратын құндылықтар» мерекелік бағдарламасының мақсаты – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын атап өту және оның маңыздылығын арттыру тапсырмасын жүзеге асыру. 

 

 

Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады» деп атап өткен болатын.

 

 

 

Осыған сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткен жылы Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеп, көпшілікке ұсынды. 

Жаңа тұжырымдаманы қамтыған іс-шарада қазақстандық танымал суретшілер мен қолөнер шеберлерінің, университет фотограф-оқытушылары мен студенттерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Оқу орнының Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев жиылғандарды мерекелік шара бағдарламасымен таныстырып, жаңа форматтың халықты біріктірудегі маңызына тоқталды.

 

 

 

 

«Наурыз-Арт» деп аталған шарада танымал суретшілер мен оқытушы-студенттердің туындылары жұртшылық назарына тарту етілді.

 

 

 

Көрмеге танымал суретшілер: ҚР Көркемсурет академиясының президенті, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Амандос Ақанаев, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нелли Бубэ, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейсебек Ақанаев, Қазақстанның өнер қайраткері, ҚР Көркемсурет академиясы президентінің орынбасары Марлен Нысанбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алпысбай Қазығұлов, Көркемсурет академиясының мүшесі Ахмет Ахат, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Руслан Ақанаев, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, «Дарын» сыйлығының иегері Тоққожа Қожағұл, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қанағат Көдеков, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алмас Нұрғожаев, Суретшілер   одағының мүшесі Әлия Қабиқожаева өз жұмыстарын қуана ұсынды.

 

 

 

ҚР Көркемсурет академиясының президенті, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Амандос Ақанаев өз сөзінде осындай игі-шаралардың жастар бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырып, мәдени танымын толықтырарына сенім білдірді.

 

 

Оннан аса факультет оқытушылары мен жиырмаға жуық студенттердің әуесқой еңбектері көпшіліктің қызығушылығын тудырып, жоғары бағаға ие болды.

 

 

Барлық туындылар Наурыз тұжырымдамасындағы «Көрісу күні», «Жайлау күні», «Шежіре күні», «Тарихқа тағзым күні», «Игі істер күні», «Шымырлық пен шеберлік күні», «Зияткерлік күні», «Ұлттық тағамдар күні», «Ұлыстың ұлы күні», «Жоралғы күнін» негіздеп, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуге арналды.

 

 

Ұлыстың ұлы күнін тамашалауға Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы және шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері мен консулдар да арнайы келіп, меймандар мерекелік бағдарламамен танысып, Наурыз мейрамының әлем елдерінде тойлану дәстүріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар университетте «Шеберлер ауылы» бой көтерді. Көрме ағаш бұйымдар, ұлттық аспап шеберлері, қыш-құмыра, әшекей бұйым зергерлері, ісмерлер мен тоқымашылар   қолынан шыққан сәндік-қолданбалары туындылармен ерекшеленді.

 

 

 

«Қаскелең» мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттері домбыра, қобыз, шертер аспаптары, қымыз кеселер мен астаулар, құрақ көрпе, кесте, сандық және басқа да тұрмыстық заттардың жасалуы бойынша шеберлік дәріс өткізді.

«ҚазҰУ Баспа үйі», «Зият», «Отбасы хрестоматиясы», баспалары жаңадан шыққан өнімдерін таныстырып, әдеби туындылардың да насихатталуына үлес қосты.

Арнайы тігілген киіз үйлер мен шатырларда көпшілікке наурыз көже, бауырсақ, палау таратылып, тұсаукесер, бата беру сияқты ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, дойбы, қол күрес және басқа спорттық ойындар  тарту етілді. 

Наурыз мерекесі оқытушы-студенттердің қатысуымен барлық жатақханада атап өтілді.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста