Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі
Маңғыстау облысында Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы lada.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Бүгінде өңірде Ұлы Отан соғысының көзі тірі үш ардагері ғана қалған.
Сондай-ақ соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа санаттарға да біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Бұрынғы концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына – үш адамға 172 500 теңгеден беріледі. Ленинградты қоршауға алған кезеңде жұмыс істеген ардагерге 172 500 теңге төленеді.
Бұдан бөлек, көмек алушылар қатарында ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері (520 адам) мен соғыс кезінде қаза тапқандардың жесірлері (24 адам) бар. Олар 138 мың теңгеден алады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу