Интернет биометриялық идентификаторы бар адамдарға ғана қол жетімді болады
Әлеуметтік желілерде жақын арада Интернет бәріне бірдей қол жетімді болмайды деген ескерту тарады. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб мәлімдеген екен. Ол жақын арада тағы бір пандемия және жаппай кибершабуыл болады деп абайсызда айтып қалған екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде жақын арада Интернет бәріне бірдей қол жетімді болмайды деген ескерту тарады. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб мәлімдеген екен. Ол жақын арада тағы бір пандемия және жаппай кибершабуыл болады деп абайсызда айтып қалған екен.
Шын мәнінде, Швабтың сөздері оның 2020 жылы Cyber Polygon конференциясында сөйлеген сөзінен алынған. Бұл жыл сайынғы іс-шара шеңберінде ықтимал қауіптер талқыланып, оларға тойтарыс беру әдістері әзірленеді.
2020 жылы іс-шара теориялық тұрғыдан дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да тауарлар жеткізу тізбегіне айтарлықтай зиян келтіріп, қалалардың энергетикалық жүйелерін бұзуы ықтимал кибершабуылға арналды.
Клаус Шваб бұл туралы тек теориялық тұрғыдан айтқанын атап өткен жөн. Оның сөздері сәуегейлік те, уәде де емес еді.
Интернетті пайдалану үшін биометриялық идентификатор болуы тиіс дегенге келетін болсақ, бұл туралы Клаус Швабтың өзі де, іс-шараға қатысқан басқа адамдар да мәлімдеген жоқ. Демек, таралған ақпарат ойдан шығарылған және оған ешқандай дәлел жоқ.