Еліміздегі барлық әкімді жатқа білетін 9 жастағы бала жұртты таңғалдырып жүр
Әкімдерді жатқа білетін 9 жастағы зайсандық бала көпшілікті таңғалдырып жүр. Ол еліміздің облыс, қала әкімдерімен қоса, аудан, ауыл әкімдерінің есімін жаттап алған. Massaget.kz тілшісі дарынды баланың анасымен және Мағжанмен сұхбаттасты.
Мағжан Нұржанұлы 9 жаста. Ол - Зайсан ауданындағы Мұрат Дәуленов атындағы мектеп-интернатының 3-сынып оқушысы. Анасы Мақпал Құмарқызы - мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі, ал әкесі - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округінің әкімі.
Жастайынан зерек бала әкімдер есімін неге жаттап жүргенін айтты.
"Өзім жаттаймын. Көбіне сайттардан қараймын. Менің бүкіл әлемге қызығушылығым бар. Сол үшін әкімдердің есімін жаттаудан бастауды жөн көрдім", - дейді ол.