Дүкенге барамын деп, сәбиінен айырыла жаздады

Дүкенге барамын деп, сәбиінен айырыла жаздады

Жамбыл облысында 20 жастағы келіншек дүкенге барамын деп сәбиінен айырылып қала жаздады. Ол үйіне оралғанда мүгедек баласын таппай, жер сипап қалған, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Келіншек екі жастағы сал ауруы бар баласын шешесіне қалдырып, түнгі екілер шамасында дүкенге шыққан екен. Өзі бір жарым сағатқа кешіккен. Ал сол кезде үйге анасының бір топ танысы келіп, көңілді кеш ұйымдастырған. Бүлдіршін жылай бергесін ер адамның біреуі оны көрпеге орап, түн жарымда мешітке апарып тастаған. Ал құлшылық үйінің азаншысы ертесіне бесін намазға келгенде жайнамазда жылап жатқан сәбиді көріп, құзырлы орындарға хабар беріпті. Ол мұнда 12 сағат жатып қалған. Бұл кезде 20 жастағы әйел дабыл қағып, іздеу жұмысына 80 полицей мен 50 ерікті жұмылдырылған еді. Күдікті баланы түн жарымда не үшін мешітке апарғанын түсіндіре алмаған. Ол ішімдік ішкеннен есімді білмеймін деп ақталып отыр. Қазір «адам ұрлау» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды. 

Жалғасбай Дүйсенбайұлы, Талас ауданының бас имамы: - Оны осы мешітіміздің азаншысы Абай Омаров деген ағамыз көріп қалады. Азан айтуға келген кезінде. Баланың үсті ашық тұрған. Тезірек курткасын алып жабады. Бірақ мешітіміз қуанышқа орай өте жылы болатын. Медицина мамандары келіп тексергенде денесінде ешқандай жарақаты жоқ, бала амансау.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста