Балаева: Азаматтардың сайлауға келуінің өзі ел дамуына немқұрайлы қарамағанының белгісі

Балаева: Азаматтардың сайлауға келуінің өзі ел дамуына немқұрайлы қарамағанының белгісі

Азаматтардың сайлауға келгенінің өзі еліміздің дамуына немқұрайлы танытпағанының белгісі. Мұндай пікірді Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
 
Аида Балаева Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттардың кезектен тыс сайлауында дауыс беріп, журналистердің сұрағына жауап берді.

Әр азамат өзгерісті өзінен бастауы керек. Азаматтардың сайлауға келгенінің өзі еліміздің дамуына немқұрайлы танытпағанының белгісі. Мәжіліске болсын, мәслихатқа болсын ұлтжанды, белсенді, еліміздің не болмаса белгілі бір саланың дамуына үлес қосатын азаматтар келіп жатса, онда ол мемлекеттік жүйенің оң өзгерісіне ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан қазір мәслихатта да, Мәжілісте де белсенді азаматтардың барын көріп отырмыз. Тіпті Астана мен Алматының өзінде 3 орынға 100-ге жуық адамнан қатысып, белсенділік танытып отыр, - деді Балаева.
Сөзінше, бұл азаматтар алдағы уақытта еліміздің дамуына өз үлестерін қосады.

Сайлауға әртүрлі саланың азаматтары қатысып жатыр. Араларында блогерлер де, кәсіпкерлер де және тағы басқа сала мамандары да бар. Әр адамның сайлауға жауапкершілікпен қарағаны маңызды. Қазір өздеріңіз сайлауға қатысушылардың қаншалықты белсенді екенін көріп отырсыздар. Астананың өзінде 4 бюллетень салып отырмыз. Бұл үміткерлердің ішінен ең ықпалдылары, белсенділері өтіп жатса, оң өзгерістер болады деп ойлаймын. Бұрын саяси партиялар туралы ауылды жерлерде біле бермейтініне қатысты сын айтылатын. Енді бұл партиялар жергілікті жерлердегі өкілдерін сайлауға тартып, өтуіне ықпал жасап жатыр. Тек мемлекеттік қызметте ғана емес, қоғамда, қоғам институттарында өзгерістер болуы керек. Қарар отырсақ, реформалардың барлығы саяси партиялардың белсенділігін арттырып отыр. Мысалы, 2019 жылдары өткен сайлауды бақылауға бірен-сараң ғана ұйым қатысса, ал қазір бақылаушы ұйымдардың саны өте үлкен, - деп айтты Аида Балаева.
Сонымен қатар Мәжіліс пен мәслихаттағы депутаттардың дұрыс сайлануын қолдайтын азаматтар да сайлаудың ашық, таза болуына өздерінің ықпалын тигізіп жүр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста