Алматыда жігіт жүретін қызын өлтіріп, өз-өзіне қол салды
Алматыда Розыбақиев көшесіндегі салонда ер адам қызды өлтіріп, суицид жасады.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын хабарлады.
"Сараптамалар жүргізіледі. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, өткен жылдың соңында Алматыда ер адам бұрынғы әйеліне екі канистра бензин құйып, өртеп жіберген болатын. Ол 41 жастағы әйел сатушы болып істейтін дүкенге қарумен кіріп, сатып алушыларды қуып шыққан. Артынан әйелді құлатып, екі канистра бензин шашып, дүкенге өрт қойған. Жарылыс салдарынан дүкен маңындағы дәріхана да өртеніп кетті.
Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Ал өрт қойған ер адам сол жерде жанып кетті.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу