"26 градусқа дейін жылынады": 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан бойынша 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер болжамынша, алдағы күндерде ауа райы қазақстандықтарды көктемгі жылуымен қуантады.
«Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады, тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы мүмкін, таулы аймақтарда тұман болады», – делінген хабарламада.
Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болмайды.
Республика бойынша термометрлер бағаны:
- батыста күндізгі уақытта 12-26°С жылы;
- солтүстік-батыста 5-20°С жылы;
- солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15°С жылы;
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 13-25°С жылы;
- таулы аймақтарда 8-13°С жылы болады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу