Жүргізуші куәлігін алып берем деп азаматтардан 100-300 мың теңге алған

Алматы полициясы жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық қылмысын жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтық дерегі бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасына жәбірленушілерден 5 арыз түсті.

 

Алдын ала мәлімет бойынша жас жігіт жүргізуші куәлігін рәсімдеуде “өз көмегін” ұсынған.

 

– Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті жігіт қамауға алынды. Іс жүргізу барысында оның осыған ұқсас бес эпизодқа қатысы бар болуы мүмкін екендігі анықталды. Өз қызметі үшін күдікті 100-ден 300 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған. 26 жастағы Ж.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

 

Тәртіп сақшылары алданғандардың көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Олар азаматтарды ұсталған адамның суретіне мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8 707-808-75-88; 8-747-699-70-02.

 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста