Прокурорлар осы дерек бойынша 5 бірдей қылмыстық іс қозғаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қазір 15 күдікті қамауда. Былтыр да дәл осылай қазына қаражатынан шенеуніктер 420 миллион теңге ұрлаған еді.
Осы күнге дейін 5 адамға қатысты сот үкімі шығып, мемлекетке 230 миллионнан астам теңге қайтарылды.
Бұдан бөлек, Талдықорғанда котедж қалашығын салу кезінде бюджеттің жарты миллиард теңгесін жымқырғандар да ұсталған.
Мадияр Басшыбаев, облыс прокуроры:
- Біраз мемлекеттік қызметкерлер қамауға алынып, қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Әлі тағы да қатысы бар азаматтар анықталады. Осы қылмыстық әрекетке әр қатысы бар азамат тиісті жауапкершілікке тартылады.