Жемқорлық жазалаумен жойылмайды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығармайынша, «қоғамдық індеттің» тамырына балта шабу мүмкін емес. Өйткені, оның әрбір азаматтың жеке басына, қала берді, күллі қоғамға келтіретін зияны шаш етектен.
Осы орайда, сыбайлас жемқорлықтың ел экономикасын тежеп, халықтың әлеуетін әлсірететін дүлей күшке ие екенін айтсақ та жеткілікті болар. Десек те, аталған індеттің зияны жайлы үздіксіз айтып, оның алдын алу мақсатындағы іс-шараларды бір сәтке де тоқтатпауымыз керек.
Алматы қалалық прокуратурасының төрт ай ішінде шаһар аумағында орын алған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық әрекеттерге жасаған талдауы көңіл көншітпейді. Осы кезең аралығында Алматы қалалық соттарымен 15 тұлғаға қатысты 10 қылмыстық іс қаралған. Істі болғандардың 9-ы Алматы қалалық ішкі істер, 1-еуі кіріс департаментінің, 1-еуі жерді пайдалану және қорғауға бақылау жасау басқармасының маманы, ал, 3-еуі азаматтық тұлғалар болып шыққан.
Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы жауапкершілікке мүйізі қарағайдай, шенеуніктер ғана емес, қарапайым азаматтардың да ілігетіндігі алаңдататын болып жүр. Мәселен, азамат А.Пасько кәсіпкерлікпен айналысып жүріп, салық заңнамасының талаптарына қайшы әрекеттер жасап, Түрксіб аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкері Е.Қаршыбаевқа алдымен 100 АҚШ долларын, одан кейін 50 000 теңге ұсынған. Керісінше, ары мен алақаны таза Е.Қаршыбаев қу дүниеге қызықпай, ұстамдылық танытып, А.Паськоға мұндай заңсыз әрекеттің опық жегізіп, орға жығатындығын түсіндіріп, соңынан Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне өтініш түсірген. А.Пасько лауазымды тұлға Е.Қаршыбаевқа 50 000 теңге көлемінде ауызбастырық беріп жатқан жерінен қолға түсіріліп, Қылмыстық кодекстің 367-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылып және жергілікті өзін-өзі басқару органындағы, қаржылық ұйымдардағы белгілі бір мемлекеттік лауазымдық қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылып, кейін оған тағайындалған жаза ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай жарияланған рақымшылық заңына сәйкес 1 жыл мерзімге бас еркінен шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған.
Ал алматылық азамат Н.Қарабаев бас пайдасы үшін «Автоцон» халыққа мамандандырылған қызмет көрсету орталығында салық төлеуден жалтарып жүргендерге көмектесіп, Жетісу аудандық мемлекеттік кірістер жөніндегі басқармасының қызметкері Д.Қалыбаевқа делдалдық көрсетіп, жәрдемдескен. Мемлекеттік қызметшілер осы қылмыстық әрекеттері үшін Алматы қаласындағы Алатау аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5 және 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, жазықтылардың әрқайсысына 4 200 000 көлеміндегі айыппұл салынған. Бұған қоса, мүлкі тәркіленіп, жергілікті өзін өзі басқару органдарындағы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмірбойына айырылды. Осы деректердің өзі ғана сыбайлас жемқорлықты бірыңғай жазалаумен жоя алмайтынымызды, тиімдісі ең алдымен азаматтар санасындағы жат әрекеттерге деген ашкөздікті емдеп, жазудың қажеттігін еске салады.
Мәселен, Қазақстан ТМД елдері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті заңдық тұрғыда қолға алған алғашқы мемлекеттердің бірі. Осылайша ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қабылданған сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заң уақыт өткен сайын барынша қатая түсуде. Дейтұрғанмен, уақыт төреші жемқорлықтың жолын тек қатаң заңмен кесу мүмкін еместігін көрсетіп отыр. Сондықтан, қоғамды жемқорлық белгілерінен арылту үшін оған қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттілігін күн тәртібіне шығарып отыр.
Осы орайда, жас ұрпақты жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу балабақшадан басталады десек, ал, оларды тәрбиелейтін де, үлгі көрсететін де ересектер екенін ұмытпауымыз керек. Мысалы, қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңның 5-бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеті көрсетілген. Ондағы басты мақсат қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болса, осы мақсатқа жету үшін, біріншіден, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбес ахуал қалыптастыруымыз керек. Сондай-ақ, кез келген жемқорлық сипатындағы жағдайларға сын көзбен қарап, оған дер кезінде тойтарыс беруге шақырады. Заңда сыбайлас жемқорлықтың орын алуына себеп болатын жағдайларды анықтау және салдарын жоюдың да басымдығына мән берілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъек­тілерінің өзара іс-қимылын нығайту қажет болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамытудың да маңызы зор екендігі айтылады. Яғни, бұл, жоғарыда атап өткеніміздей, жемқорлықтың әлемдік деңгейдегі салмағын еске салады.

Қуаныш ЕРМЕКОВА
"Алаш айнасы" тілшісі
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста