Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан оқушы сотталды

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушыға Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10-сынып оқушысының 6 айға бас бостандығы шектелді.

 

2022 жылдың мамыр айында Ақтөбе облысы полиция департаментінің электрондық мекенжайына жоғары оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған мекенжайларға дереу барлық шұғыл қызметтер, саперлар мен қызметтік иттерімен кинологтар жіберілді. Оқу орындарының персоналы мен оқушылары эвакуацияланды.

 

Тексеру барысында жарылғыш заттар табылған жоқ.

 

Ақтөбе облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде 10-сынып оқушысын анықтады.

 

Оқушы өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді.

 

Полицейлер компьютерді тәркіледі. Сонымен қатар, аталған оқушы осындай электрондық хатты Көкшетау қаласына да жолдап, үш сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлағаны анықталды.

 

Осы жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотымен үкім шығарылып, кәмелетке толмаған күдікті кінәлі деп танылды. Оған қатысты 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста