Жамбыл облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Полицияға Тараз қаласының 24 жастағы тұрғыны арызданған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жігіттің айтуынша, базбіреулер бопсалау және қоқан-лоқы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін оның 990 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағымен бірлесіп 29, 28, 24 және 19 жастағы жылы төрт азаматты ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. 24 пен 29 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қатысушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды.
Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр.