Сот жүйесі заманға сай жаңғырып келеді

Сот жүйесі заманға сай жаңғырып келеді

Еліміз егеменді ел атанып, тәуелсіздігімізді баянды еткен ширек ғасырға жуық уақыттан бері өзінің құқықтық жүйесі, соның ішінде ең өзектісі - сот төрелігін заман талабына сай жаңғырту жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Еліміздегі соттар мен судьялардың күн сайын атқарып жатқан қызметтері сот төрелігін жетілдіру бағытындағы аса маңызды қадам болып саналады. Олардың әділ сот ісін жүргізудегі жұмысын бағалау әрі сапасын арттыру назардан тыс қалған емес.
Сот төрелігі – адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса мањызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды. Сот төрелігі Конституцияда, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген неғізгі ережелерді, идеяларды басшылыққа алатын, мәні айкындалатын және сот төрелігі мен өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мазмұнын білдіретін қағидаттарға негізделеді. Ал бүгінгі заман құндылығы, сот төрелігі сонау ғасырлардан қазақ билерінің төреліктерімен сабақтасып, үндесіп жатқандығы біздерге көп нәрсені меңзесе керек, яғни оған өткен заманнан бізге өткен «Тура биде туған жоқ» деген бабамыздан қалған аталы сөзі біздерді, жаңа тәуелсіз соттардың судьяларын әділ сот төрелігін жүргізуге жетелейтіні шындық.
Электронды сот ісін жүргізуде заманауи жетістіктерді тиімді пайдалана білу - барлық соттар үшін және сот төрелігін халық алдында шынайы, ашық та қолжетімді етіп көрсетудің бірден-бір оңтайлы тәсілі. Біз заманның өзі ұсынып отырған мұндай озық технологиялық жетістіктерді сот жүйесінде әрдайым сәттілікпен пайдалануды дамыта беруіміз керек. Бұл үрдіс азаматтардың және қоғамның соттарға деген сенімін одан сайын арттыра береді деп ойлаймын.
Шетел сыншылары Қазақстан сот жүйесін жетілдіруде бұрынғы Кеңес дәуірі елдері ішінде көш ілгері алда келе жатқанын мойындап отыр. Бүгінгі күні елімізде құқықтық мемлекетке қойылатын талаптарға сай, Конституцияны бұлжытпай орындап, азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін, заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүктелген міндеттерді атқара алатын толық қанды сот жүйесі бар. Ал тәуелсіз сот — адам құқығының сақталуының кепілі. Мемлекеттік билік тармағының бірі болып табылатын тәуелсіз сот билігін жүргізу, сот төрелігін жүзеге асыру, сотта іс жүргізу нысандары арқылы сот жүйесі қалыптасады.
Ерганат Аумолдаев, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының бас маманы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста