Шекарадан 30 келіден аса героин алып өтпек болған шетелдікке сот үкімі шықты

Түркістан облысында 30 келіден астам героинді Ресейге тасымалдамақ болған шетелдікке сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, шетел азаматы 2022 жылдың 22 шілдесінде сағат 18.00 шамасында өзіне тиесілі "Ford Mondeo" автокөлігімен Өзбекстанның "Гишт-куприк" шекара бақылау бекетінен өткен. Содан Қазақстан Республикасының "Жібек-жолы" мемлекеттік шекара бақылау бекетіне келіп тоқтаған.

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара бақылау бөлімінің кинолог маманы "Белка" лақап атты қызметтік итпен тәжікстандықтың басқаруындағы көлікті тексерген. Тексеру барысында көліктің астыңғы жағында орналасқан жанар-жағармай багінде жасырылған 63 дана түссіз полиэтилен пакеттерге оралған заттар табылған. Табылған зат 31 килограмм 465,2 грамм героин болып шыққан.

Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және оқталу/аяқталмаған қылмыс), 286-бабы 4-бөлігі (Айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу) айып тағылды.

"Тәжікстан азаматы өз кінәсін ішінара мойындап, соттан жеңіл жаза тағайындауын сұрады. Сот үкімімен сотталушы өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Шетелдік азамат жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста