Қарағандыда бірнеше жерден пышақталған 4 жасар қызға ота жасалды. Полицейлердің айтуынша, оны туған әкесі күдікті ретінде ұсталған. Бұл туралы "ҚазТАГ" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Кішкентай қыз ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, оны бірнеше жерден, оның ішінде ішінде, қолынан және аяғынан пышақтаған.
«Баланың жарақатын 25 жерден тігуге тура келді. Бүгін қызды анасы алып кетті, бірақ ол дәрігерлердің бақылауында болмақ. Әлбетте, балаға психологтың көмегі қажет болады", - дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері.
Ал Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысының айтуынша, полиция қызметкерлері күдікті ретінде қыздың туған әкесін қамауға алған.
«Күдікті өзі де пышақ жарақаттарымен ауруханада жатыр. Оның жанына күзет қойылған", - дейді Б.Кудияров.
Бүгінгі таңда бала мен оның әкесіне қатысты жайттың мән-жайы анықталып жатыр.