Павлодар облысында ұлы анасын пышақтап, кейін өзіне пышақ салған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Тереңкөл ауданында орын алды.
Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Ринат Мадин қанды қылмысты растады.
- Өкінішке қарай, ауданда осындай қайғылы оқиға орын алды. Ұлы анасын пышақтап өлтіріп, артынан өзіне де пышақ салған. Қазір жігіт ауруханада жатыр. Ота жасалды, - деді ол.
Қазіргі таңда отбасылық трагедияға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.