ОҚО-да 13 жастағы оқушы қызды зорлап жатқанда сіңілісі үстінен түскен

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы елдімекендердің бірінде 13 жастағы Ж. есімді оқушы қыз зорлықтың құрбаны болды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Жаға ұстар оқиғаны зардап шеккен оқушының туған анасы баяндап, қылмыскер жазадан сытылып кетеме деген қауібін де жасырмады.

«Үйдің алдына цементтен сарайдың іргетасын құйып бер деп бір танысым арқылы екі құрлысшы жігітті өзім әкелдім. Жігіттер келісілген сомаға жұмыстарын наурыз айында бастап кетті. Жұмысшылар аш болмасын деп тамағын да жасап жұмысқа кетерде 13 жастағы үлкен қызыма "астарын бере сал" деп ескерттім. Құрлысшылар түскі астарын ішіп, бірі - қой бағуға кетеді, 1987 жылы туылған Ербол. А. есімді құрылысшы дүкеннен бір бөтелке арақ әкеліп ішіп, масайған соң Ж.-ны қонақ бөлмеге кіргізіп алып зорлаған. Қылмыскер мұнымен тоқтамай күйеуіміз екеуміз жұмыста, басқа балалар сабақта болған кезде, аңдып жүріп үйге келіп балама 5-6 рет азғындық жасайды. Қызым болған жайтты маған айтпаған. Себебі, Ербол "біреуге айтсаң өлтіремін" деп әбден қорқытып тастаған. Тек жұмысыма келіп «мама, үйге бармай-ақ қасыңда жүрейінші» деп жалынатын.

Сабағы нашарлап кеткенін мұғалімдері де байқапты, сұрасам ештеме айтпады. Мамыр айында кіші қызым іші ауырып мектепке бармай үйде қалады. Сол күні азғын Ербол келіп қызымды зорламақ болған кезінде үстінен түскен. Кіші қызым дәретханаға барып келе жатса әпкесінің шырылдап, шыңғырып жылаған даусын естіп үйге жүгіреді. Сөйтсе қонақ бөлмеде Ербол.А. өзінің және үлкен қызымның бұтын жалаңаштап тастап күш көрсетпекші болған кезін кенжем көріп қатты шыңғырған. Сасқан жігіт киімін кие салып қашып кетіпті.

Қыздарым болған оқиғаны да сол күні айтпады. Тек кіші қызым өзінен өзі дірілдеп төсектен тұрмай қалған соң, ішім бір нәрсені сезіп қоймай сұрағанда ғана болған жайтты жайып салды. Сол күні жолдасым екеуміз бүкіл ауылды шарлап жүріп Ерболды тауып полицияға апарып табыстадық» деп жылады ашынған ана.

Күдікті қамауға алынғанымен қылмыстық іс сағызша созылып, бір рет жабылып та қалған

«Қызымды азғын мамыр айында зорлап, арыз түсіргеніммен Темірлан ІІБ полицейлері екі балама медициналық сараптамадан тек шілде айының соңында өткізді. Дәрігерлер қыздың зорланғанын растады, бірақ Ербол немесе басқа азамат екені белгісіз дейді. Себебі, сараптаманы кеш өткізгендіктен қынапта күдіктіге қатысты еш белгі қалмапты. Сондықтан да тергеушілер істі сағызша созып бір рет жабылып та қалды. Ғаламтор арқылы қоғамдық белсенді Айгүл Орынбекке шығып жатып қылмыстық істі қайта қозғатып, сотқа жолданды. Қылмыскер жазадан сытылып кетеме деген күдігім басым. Себебі, күдіктінің туыстары ауылдағы жаңа салынған үйлерін сатып, ақшасын маған ұсынып: «Ерболдың төрт баласы мен екіқабат әйеліне обал, істі тыныш жаба салайық, шайтан азғырыпты» деп жайбарақат жүр»,- дейді зардап шегуші қыздың анасы.

Аталған қылмысты ОҚО ІІД баспасөз қызметі растады

"Бұл қылмыстық іс кәмілет жасына толмаған баланы зорлау бабы бойынша тергеліп, Ордабасы ауданаралық сотына жолданды, басқа ештеме айта алмаймын" деп қысқа қайырды баспасөз жетекшісі.

Белгілі болғандай 21 қыркүйек күні алғашқы сот отырысы жабық түрде өтіп, зардап шегуші тараптың заңды өкілін судья сотқа кіргізбей қойған. Ал, Ж. есімді оқушының ата-анасы несие алып қорғаушыда жалдап, қыздарының өмірін құртқан азғынды барынша жазалауды талап етіп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жеткіншекке жергілікті орган тарапынан ешқандай психологиялық дәріс, ем жүргізілмеген. Қала берді бұл оқиға Ордабасы ауданына тарап кеткендіктен оқушы қызды мектепке қабылдаудан барлық директор бас тартыпты.

Қазір Ж. Шымкенттегі орта мектепте оқып жүр. Азғындыққа тап болған жеткіншектің бұрын да мінезді тұйық болса, қазір сөйлеуден қалды дейді ата-анасы.

Күдікті азаматтың әрекетінен шошып қалған қос қызын тәжірибелі маманның еміне жазуға отбасының қаражаты жоқ.

Тіпті анасы, бойжетіп қалған қызым өзіне өзі қол салар ма екен деген қорқынышын да жасырмады. Себебі оқушы қыз соңғы күндері қатты азып, өз көлеңкесінен қорқатын дәрежеге жеткен және қорқынышты сурет салуды әдетке айналдырыпты. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста