Медициналық салада алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды

Жетісу облысында жалған медициналық құжаттар жасап келген адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
 
 
Жетісу полициясы облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорғанның үш тұрғынын ұстады. Олар әртүрлі өңірдегі медицина қызметкерлеріне біліктілікті арттыру жөніндегі жалған сертификаттар сатып келген. Аталған сертификаттар медициналық қызметпен айналысуға, клиникалық практикаға рұқсат алуға (мамандығы бойынша науқастармен жұмыс істеуге), квалификациялық біліктілікті тағайындауға мүмкіндік береді.

Жалған сертификаттарды дайындаумен және сатумен облыстық Денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істейтін бағдарламашылардың бірі, құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері және жеке медицина орталығының медбикесі айналысқан.

Күдіктілердің жұмыс орны мен тұратын жерлерін тінту кезінде түрлі медициналық оқу орындары мен мекемелері атынан әртүрлі адамдарға жазылған біліктілік сертификаттары, сондай-ақ қылмыстық әрекетке дәлел болатын өзге де заттар табылды, - деді Жетісу облысының Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.


Заңсыз қызмет үшін ақшалай сыйақы елдің түрлі өңірінен банк корточкасына аудару арқылы жүргізілген.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығынан мойындау жауабы алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста