Маңғыстау облысында жеңгетай жұмыс іздеп келген қыздарды жезөкшелікке салған (видео)

Жаңаөзендегі сауналардың бірінде әкімші болып істейтін әйел Қарақалпақстанның үш тұрғынын жезөкше ретінде пайдаланған. Бұл туралы Tumba.kz сайты хабарлайды.

Қарақалпақстаннан нәпақа табу мақсатында келген үш қыз негізінен еден жуушы, монша тазалаушы ретінде жұмысқа тұрамыз деп ойлаған. Алайда, С. есімді азаматша көрші елден келген қыздарға мүлде басқа жұмыс тауып береді.

«Ол қыздардың құжаттарын тартып алып, сыртқа шығармаған. Күштеп жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер жеңгетайды ұстады. Бүгінде бұл оқиғаға орай қылмыстық із қозғалды», – дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова.

Құлдыққа түскен қыздардың айтуынша, олар 2 ай бойы саунадан сыртқа шыға алмаған. Ал клиенттерден түскен қаржыны жеңгетай дереу алып кетіп отырыпты.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мәжбүрлі түрде жезөкшелікпен айналысқан қыздардың бірінің аяғы ауыр. Жеңгетайдың өзінің де кішкентай сәбиі бар екені анықталды.

Nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста