Қырғызстанда Серік Күдебаевқа қашуға көмектескен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Джалал-Абадтағы қонақ үйлердің бірінде жасырынған.
Көрші елдің ҰҚК хабарлағандай, Чач лақап атымен танылған азамат Қазақстанның ІІМ есепте тұрған.
Тінту барысында күдіктіден 10 грамм есірткі зат анықталды.
Қазір ол Джалал-Абад облысындағы тергеу изоляторына қамалды.
Еске салайық, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.