Кентауда ер адам жасөспірім қызды соққыға жығып, зорламақ болған

Түркістан облысының Кентау қаласы полицейлері жасөспірім қызды соққыға жыққан ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

26.04.2023 жылы сағат 23:15 шамасында Кентау қалалық полиция бөліміне ауруханадан жасөспірім қыздың дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келді. 

 

Тексеру барысында, сағат 20:30 шамасында аулада ойнап жүрген қызды белгісіз біреу себепсіз ұрғаны анықталды. Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба анықталды. Оның негізінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. 

 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркелді. 

 

Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

 

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің жағдайы бірқалыпты. 

 

Қылмыстық іс Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста