Атышулы Мұрат Әбділдә 5 жылға сотталды

Ән де айтып жүрген блогердің қамауда жатқаны туралы айтылатын видео ТікТок-та лезде тарап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде отырып, былапыт сөздерді қарша жаудырып танымал болған Мұрат Әбділдә сотталды.

 

Онда өзін Мұрат Әбділдәнің анасымын деген әйел ұлымен кездесуге кіргізбей жатқанын алға тартады. Желі қолданушылары болса, Мұрат Әбділдәнің не үшін қамалғанын білмей дал болды. Олар өз болжамдарын жасап, түрлі пікірлерін жаудырды. Басым көпшілігі Мұраттың бостандыққа шығуын тіледі.

 

Экспресс К тілшісі видеоға қатысты Түркістан облыстық Полиция департаментінен түсініктеме алды.

 

Ведомствадағылар Мұрат Әбділдәнің істі болғанын растады және оған сот үкімімен тиісті жаза тағайындалған.

 

Ол ішімдік ішіп, өзгенің ұлттық ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Блогердің бұл әрекетінің видеосы желіде тараған. Намысым тапталды деген азамат полицейлерге өткен жылдың желтоқсан айында арыз түсіріпті.

 

"Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) тіркелді. Күдікті ретінде Сауран ауданының тұрғыны анықталды. Жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған. Жинақталған іс-құжаттардың негізінде қылмыстық іс 2022 жылдың 31 қаңтарында айыптау актісімен бірге Сауран аудандық прокуратурасына жолданған. Қоғамда алауыздық тудыратын әрекеттерін қоймай, өзгенің ар-намысына тиген орта жас шамасындағы тұрғынға 31 наурызда Түркістан қалалық сотының үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", — деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

 

Мұрат Әбділдә бұған дейін де бірнеше рет сотты болған және тура осындай әрекеті үшін тағы да жаза арқалап отыр екен. Атап айтқанда, 2019 жылы Кентау қалалық соты 3 жыл 6 айға бостандығын шектесе, 2021 жылғы 30 шілдеде дәл осы сот үкімімен 4 жылға бостандығы шектелген. Сонымен қатар ол Кентау қаласы қылмыстық атқару инспекциясының бақылауында болған.

 

Өткен жылдың 15 желтоқсанында берілген сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде ол сот алдында жауап бере алады деген қорытынды жасалған.

 

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=39cb2b9c-fbef-46a7-8d86-79be0f27629e&amp;fpc=7e0186ad-5d58-43ec-87f6-ecbf76ff5776" class="aitube-embed" width="560" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста