Ақтөбеде әйелді ұлымен бірге пышақтап өлтірді – жасөспірім қыз тірі қалды

Ақтөбеде көпқабатты үйдің пәтерінен екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі Ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап жазды.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 05:30 шамасында полицияға пәтерлердің бірінде екі мәйіт табылғаны туралы хабар түскен.

 

Оқиға орнында 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының қайтыс болғаны анықталды. Олардың денесінде зорлық белгілері болған.

 

"Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жасар қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды", - дейді полицейлер.

 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Қылмыс жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шаралар өткізіліп жатыр.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста