Ақмолалық алаяқ жігіт қыздың атына бірнеше несие рәсімдеген
Ақмолалық қыздың атына микрокредиттік ұйымдар арқылы бірнеше несие рәсімдеген күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , – деп Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 тамызда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 23 жастағы тұрғынынан алаяқтық фактісі туралы өтініш келіп түсті.
Қыз бала белгісіз тұлғаның оның атына түрлі микрокредиттік ұйымдарда жалпы сомасы 2 млн 244 мың 630 теңгеге онлайн несие ресімдегенін хабарлады.
Жәбірленуші өз сөзінде оған несие бойынша берешекті төлеу қажеттілігі туралы қоңыраулар түсе бастағанын түсіндірді.
Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті тұлғаны ұстады.
Қазіргі уақытта оның аталған фактіге қатысы тексеріліп жатыр.
Сонымен қоса, өзге де тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тексеру барысында күдікті адам жәбірленушінің сеніміне кіріп, ұзақ уақыт бойы қыздың жеке телефонын еркінше қолданғаны белгілі болды.
Полиция басқармасы аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz