Ақмола облысында бензин ұрлаған полицейлер 7 жылға сотталды. Олар өзара келісіп, құны 100 млн теңге болатын жанармай талондарын қолды еткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының қылмысын облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті тексеріс барысында анықтады.
Бас бостандығынан айырылған полиция подполковнигі мен капитанға мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторларда қызмет атқаруға тыйым салынды.