Ақмола облысында 4 млн теңгенің алтынын ұрлаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы хабарлаған.
Оның арызы бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Тәртіп сақшылары қаскөйдің 26 алтын бұйым және 200 доллар ұрлағанын анықтады.
Полиция барлық жергілікті ломбардтар мен ақша айырбастау пункттерін тексерді.
Нәтижесінде 35 жастағы әйел ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.