3 күнде адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс әшкереленді
![3 күнде адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс әшкереленді](/image/stub.png)
3 күнде адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс әшкереленді. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев адам саудасына қарсы күрес барысы туралы өткен брифингте айтты, деп хабарлайды baq.kz.
«STOP трафик» аясында 9-12 қыркүйек аралығында ауқымды іс-шараның 3 күні ішінде полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 50 қылмысты әшкереледі. Оның ішінде 1 кәмелетке толмағанға, 2 адам саудасына, 3 дерегі жұмыс күшін ұйымдастыру, 6 жезөкшелікке қатысты және 40 қылмыс жезөкшелікке қатысты «притон» ұйымдастыруға қатысты болып отыр, - деді Таев.
Оның айтуынша, жезөкшелікті ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін 14 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.
Мысалы, полиция қызметкерлері 43 жастағы Тәжікстанның азаматына үш ай бойы физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен Ақтөбе облысының тұрғыны, шаруа қожалығының басшысын анықтап, полицияға жеткізді. Жәбірленуші күндіз тракторшы, ал түнде сиыр питомнигінде күзетші болып жұмыс істеп, фургонда түнеген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 128-бабы (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта жәбірленушіні полиция қызметкерлері адам саудасының құрбандарына арналған дағдарыс орталығына орналастырып, қажетті көмек алуда, - деді ол.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)