Қазақ тарихындағы Қоян жылдарының шежіресі
1579
Иасы қаласы Хақназар ханның иелігіне өтіп, қазақ хандығының астанасына айналды.
1663
Қоғам қайраткері, атақты шешен, ойшыл Төле би Әлібекұлы дүниеге келді.
1699
І Петрдің жарлығымен Жаңа жылды тойлау батыс елдеріндегідей 1 қаңтарға ауыстырылды.
1711
Қазақ еліне көз алартқан жоңғарлардың алғашқы жорығы басталды, қазақ батырлары тізе қосып, жауға күйрете соққы берді.
Қазақтың ұлы ханы Абылай (Әбілмансұр) Уәлиұлы дүниеге келді.
1723
Халқымыздың басына «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» зұлматы төнді.
1735
Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Орынбор қаласының іргесі қаланды.
1771
Әбілмәмбет хан дүние салған соң, халық Абылайды ақ киізге орап, хан көтерді.
Еділ қалмақтары мен Абылай хан бастаған қазақ қолы арасында қырғын соғыс болды.
1783
Қазақ ауылдарын аяусыз шапқан казак-орыс атаманы Чагановтың жасағын Сырым Датұлы әскері ойсырата жеңді.
1795
Қазақтар қатыгездігі шектен шыққан Уәли хан Абылайұлын тақтан алу туралы өтініш жасады.
1807
Орыс отаршылдығына қарсы бас көтерген қазақтың әйгілі батырларының бірі Есет Көтібарұлы дүниеге келді.
1843
Қазақтың әйгілі әнші-ақыны, сазгер Ақан сері Қорамсаұлы дүниеге келді.
1867
Патшалық Ресей қазақ жерін басқарудың жаңа «Уақытша ережесін» шығарды.
Елде «Жалпақ қоян жұты» аталған нәубет басталды.
1879
Қазақ елін қан қақсатқан Иосиф Виссарионович Сталин дүниеге келді.
«Үлкен қоян жұты» болды.
1891
Елде тағы бір алапат қуаңшылық болып, ол «Кіші қоян жұты» аталды.
1939
Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
1975
Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта әйгілі Даңқ мемориалы ашылды.
1987
КСРО-да қайта құру реформасының белсенді фазасы басталды.
Қазақстан компартиясы ОК мен Қазақ КСР-інің «Республикада қазақ тілін меңгеруді жақсарту туралы» және «Республикада орыс тілін меңгеруді жақсарту туралы» қаулылары қабылданып, қазақ тілі қолданысын кеңейтуге қатысты алғашқы қадамдар жасала бастады.
Қазан төңкерісінің соңғы мерейтойы – 70 жылдығы аталып өтті.
Республикада алғашқы ВИЧ-инфекциясы дерегі тіркелді.
1999
Қазақстан Республикасы Президентін сайлау өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.
Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш рет халық санағы өтті, оның қорытындысы бойынша, елде 14 953 100 адамның тұратыны және халықтың 1989 жылғы көрсеткішіне қарағанда 7,7 пайызға азайғаны байқалды.
Еліміздегі негізгі мұсылмандық мекемелердің бірі – Алматы Орталық мешіті ашылды.
Алматы халықаралық әуежайында алапат өрт болып, ғимараттың 6000 шаршы метр аумағы жанып кетті.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы шешім шығарылды.