Сайрамға тиесілі тас бағаналар түгенделе ме?

«Тарихы тасқа басылды» деген сөз қазақта тегін айтылмаған. Біздің ежелгі тарихымыздың «тірі» куәгерлерінің бірі тас екеніне ешкім дау туғыза алмаса керек. Белгітас, құлпытас, балбалтас, таңбалытас деген секілді тасқа қатысты сөздердің айтылуы да тегін емес. Сондай тарихи тастың бірі сансыз бабтар мекені Сайрамда сақтаулы тұр.

Ол туралы жергілікті тұрғындардың өзінің бірі білсе, бірі біле бермейді. Өйткені өткен ғасырдың 30-40 жылдарында бұл тас бағаналар ұшты-күйлі жоқ болып кетіп, тек 80-жылдары ғана жанашырлардың іздеу са­луы арқасында қайта табыла бастаған.
Шамамен өткен ғасырдың 30-40 жылдары көне Сайрамның орталығында сәулетті мешіт болған екен. Оның қай уақытта салынғанын нақты ешкім білмесе де, Алла үйінің «Ыдырыс пайғамбар мешіті» деп аталғаны белгілі болған. Мешіт 1914 жылы қайта қалпына келті­ріл­генімен, атеистік кеңес заманында тағы да қирауға ұшы­раған. Сол қирандының орнында ерекше ою-өр­нектері бар тас бағаналар болған. Оның там-тұмдап біз­ге жеткен тарихы былайша сыр шертеді: ерте заманда Ыды­рыс пайғамбар мешітінің тас бағаналары Жарату­шы­ның әмірімен көктен түскен деседі. Тағы бір аңызда оны Адамата мен Хауананың немерелері жонған дей­ді. Әрине, бұл екеуі де бізге аңыз болып жеткенімен, түбі бір шындықтан құралғаны даусыз. Ал ғалымдардың анық­тамасына сүйенсек, бұл тас бағаналар ХІ ғасырға тие­сілі жәдігерлер болып шығады. Жергілікті халық бұл тас­ты қасиетті санап, ежелден тәу етіп келген. Бұл баға­на­лар адамдарға тыныштық пен бейбітшілік алып келе­ді деп сенген.
Міне, кезінде көпшілік тәу еткен қасиетті тас баға­на­лар тек 80-жылдардың соңында ғана іздес­тірі­ле бастады. Онымен Сайрам өлкетану мұражайының қызметкері Мирахмад Мирхалдарұлы айналысыпты.
– Тас бағаналардың біреуі Түркістандағы Әзірет сұл­тан тарихи мұражай кешенінің аумағынан табылып, Сай­рам өлкетану мұражайына жеткізілді. Қазір бұл жә­дігер мұражайдың алдына орналастырылған. Биіктігі – 2 метр, ал салмағы 3 тоннаға жуық. Бағананың сыртын­да таңбалар бар. Ол туралы ғалымдардың пікірі әртүр­лі.

Бірі мұны исламға дейінгі дәуірге тән дүние десе, енді бірі дәл мұндай таң­балардың Каирдегі мешітте де бар екенін жа­зады. Таңбалардың құпиясы тоқ­са­ныншы жылдары ғана ашылды. Қытайдан кел­ген Қасымқожа деген профессор таң­балар араб әліпбиінің өте көне түріне жа­та­тынын анықтады. Оның қазақ тіліндегі ау­дармасы «Алла біреу, Мұхаммед оның ел­шісі» және «Бұл дүниеде жақсылық, аман­дық болсын» деген мағыналарды біл­діреді екен. Бағаналарда әлі де оқылмаған, құпия таңбалар көп, – дейді Ми­рахмад Мирхалдарұлы.
Тас бағаналардың саны қанша бол­ғанын дөп басып ешкім айта алмайды. Де­генмен төртеу болуы мүмкін деген жо­рамал бар. Оның екіншісі Санкт-Пе­тер­бург­тегі Эрмитажда тұр екен. М.Мир­хал­да­рұлының айтуынша, тас бағаналарды із­деп, жан-жаққа хат жолданған екен. Эр­ми­таж­дың директорынан «Сіздердің жә­дігерлеріңіз Эрмитажда жоқ, оны Орта Азия қалаларынан іздеңіздер» деген жа­уап келеді. «Алайда онда арнайы бар­ға­нымда, тастың Эрмитажда тұрғанын көріп таң­ғалдым» дейді ол. Бұл алғашқы табылған тастан сәл өзгешелеу екен. Ас­тын­да «Колона Исфиджаба –Сайрама. ХІ век» деп, жазып қойған екен. Жалған хат жол­даған директор өзінің айыбын мо­йын­дап, кешірім сұрапты. Енді бұл баға жет­пес жәдігердің тарихи отанына қайту-қайт­пасы, қайтатын болса, қашан қай­та­ры­латыны белгісіз.
Бұл тас бағаналардың бағасын білу үшін тағы да сарғайған парақтарды ақта­рып көрелік. Бейімбет Майлин «Мәдениет мұ­ралары» деп аталатын мақаласында (Б.Майлин, 1-том, Алматы «Жазушы» бас­пасы, 2002 жыл) бірінші кезекте мем­ле­кет қамқорлығына алынуы тиіс жә­ді­гер­лерді атап шыққанда, Қ.А.Ясауи ке­се­не­сінен басталған тізімде бұл бағаналар үшін­ші болып тұр. Мұның маңыздылығын осы­дан-ақ аңғаруға болатын секілді. Ен­деше төл тарихымызға тиесілі жәдігердің жат жерде тұрғаны, тарихи отанына қай­та­рылмауы бүгінгі ұрпаққа сын болмақ. Тіп­ті тарихшылар тарапынан қалған тас ба­ғаналардың да дерегін іздеуді жал­ғас­ты­ру керек-ақ. Бұл іске мемлекеттік дең­гейде көмек, қолдау қажет секілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста