Жердің аты – Жыланды

Жердің аты – Жыланды

«Жыланды» деген жер атауы әр өңірден кездеседі. Тіпті Орталық Азияны айтпаған күннің өзінде Ауғанстан, Түркия, Иран, Ирак жерлерінде де «Иланды» аталатын жерлер баршылық. Ал Шығыс Қазақстандағы  Жыландылар – бесеу. Бұл – біз білетіні ғана.


Облыс орталығына ең жақын суық атаулы ауылдардың бірі тура Өскеменнің іргесінде орналасқан. Шағын ғана Жыланды ауылына жету аса қиын емес.

Жыландылықтар өз ауылдарының аты туралы қарапайым ғана түсінік   береді – жылан көп. «Әсіресе, жазда ордалы жыланнан аяқ алып жүру қиын», – дейді мұндағы халық.

Бір қызығы, өскемендіктердің біразы осы жақын Жыландының маңына барып демалғанды құп көреді.

Жыландының ордалы жыландары

Жыланды жаққа жазда демалуға барып, қайтып бармастай болғандардың бірі – Арай Асылбекова. Жыландыда болып қайтқан  жас бойжеткен сол ауылдың атын атасаң, азар да безер болады. Айтуынша, Арай жолдастарымен сол ауыл жақтағы өзенге барыпты. Көліктен түсер-түспесте ирелеңдеп зуылдап бара жатқан жәндікті көзі шалған ол шошығаннан қайтадан көлікке секіріп мінген. Сөйтсе, оның көргені, өзі ойлағандай, жалғыз жылан емес екен, ордалы жыланның көшіне тап келіпті.  Табиғат аясында түнеуге барғандардың, әсіресе, кеш батқанда естері шыққан. Ақыры олар көліктің ішіне бес-алты адам қыстырылып жатуды ұйғарады.

«Ұзындарды» бұл жерден әр қадам сайын кезіктіруге болады. Осыдан кейін егер дәтіңіз шыдаса, жерде жайбарақат жүріп көріңіз.

Жыландының тұрғындары тыныш

150 түтіні бар Жыландының тұрғындары жыланның көптігіне еттері үйреніп алған. Тіпті «мән бермейміз» дейді. Тұрғындарды тыңдасаңыз, бұл ауылда  жылан шағып зардап шеккен жан жоқ. Сондықтан олар «ауыл маңында қаптаған жыланның зияны жоқ» деп есептейді. Тіпті «жыландардың көп болуы ауылымыз үшін мақтаныш» деп қояды.

Осы ауылда  50 жылға жуық тұрып келе жатқан Зоя  Хасенова: «Біздің жыландардан қорқып керегі жоқ, сен оларға тиіспесең, олар саған тиіспейді. Бақшада жүріп, талай рет жыланға кездестім, бірақ  ешқайсысынан жапа шеккен жоқпын», – дейді.

Ал  Жыландыда  бүкіл ғұмырын өткізіп келе жатқан сол ауылдың ең қарт тұрғыны Клавдия Федоровна қазір ол жәндіктердің азайып кеткендігін айтты. 88 жастағы қарияның айтуынша, ерте кезде бұл ауыл маңындағы сай-сайдың, тіпті кішкене шұңқырлардың барлығы жыланға толып жатады екен. «Сол кездері тіпті бір ауылдан келесі ауылға жету үшін жолды кесіп өтуге қорқатынбыз», – дейді қарт әже.

Жыланның жауы – жылқы-дүр 

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, жылан ұзақ ғұмырдың белгісі болып саналады-мыс. Оның қасиеттілігі сонда – оны үш кессең де, тірі қалуы мүмкін. Егер кесілген бөліктері бірін-бірі тауып біріксе, өзіне қастық жасаған адамнан кек алады-мыс. Ежелде түріктер жыланның бір белгісі ретінде төрге қамшы іліп қояды екен. Ондай қамшы тұрған жерге жын-шайтан жуымайды-мыс. Ертеде жыланға табынушылар да көп болған, әсіресе австралиялықтар және орталықафрикалықтар бұл жәндіктер туралы аңыз-әпсаналарды жиі айтады. Ал мысырлықтар жылан уынан дәрі жасап, әлемді таңғалдырды. Ондай дәрі-дәрмектер қан ауруларына және белсіздік сияқты сырқаттарға таптырмас ем болады-мыс. Жылан туралы ең соңғы ақпарат тіпті қызық. Ресей жақта бір  топ ғалым жыланның уын араққа қосып, жаңалық ашыпты. Ондай ащы суды ішкен адамның ағзасына ешқандай қауіп төнбейтін көрінеді, тіпті алкогольдің өзі ағзаға зиянын тигізбейтін жайлы сусынға айналады екен. 

Ал жыланды қазақ «ұзын» деп, атын атамаған. Үйге еніп кетсе, басына ақ құйып шығарған. Бұл атадан келе жатқан ырымның астарында қазақтың досына да, дұшпанына да, ең алдымен, құрмет көрсетуі жатса керек.

Ал ер-тоқымын жастанып, дәм бұйырған жерге қисая кететін ата-бабаларымыздың тәжірибесі бүгін де кәдеге жарап тұр. Малшылар мен аңшылар жыланнан қорғанудың бұдан асқан амалын әзірге таба қойған жоқ. Өйткені жылан жылқының өзі тұрмақ, жылқының тері сіңген қамшы, ер-тоқым т.б. ат әбзелдеріне де жоламайды. Бұл неліктен қамшының төрде, ер-тоқымның босағада жататындығын ашып беретін бір хикмет болса керек...  

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста