Отпантаудан от алған Маңғыстау

Отпантаудан от алған Маңғыстау

 

«...Өткен бір замандарда Сарытас шығанағының жағасында  бай қалашық болыпты. Бұл кезде Маңғыстауды ноғайлар мекендеген екен. Сонда Мамайдың інісі Орақ бір шайқаста қаза болады да, ноғайлардың  күші енді кеміген болар деген оймен көрші елдің ханы Мамайға өз жаушысы Қанбұқаны жібереді. Жаушы «Көкбұлақ пен Отпантауды босатсын» деген хан талабын жеткізеді. Мұндай қорлыққа төзбеген Мамай хан елшілерін құлақ-мұрнын кесіп қайтарады. Осыдан кейін соғыс басталады. Хан әскері Мамайдың өзін арбаның дөңгелегіне байлап әкетеді. Артынан Мамайдың  екі баласы – Қарасай мен Қази әскер жиып  барып, ханды әскерімен қоса талқандап, халқын тұтқындап, әкесін босатып қайтады».

Бұл – өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың Орақ пен Мамай батырларға қатысты  айтылған аңызынан Отпантау туралы бір дерек. Маңғыстау өлкесінің ең биігі саналатын таудың қасиеті осыдан да аңғарылады. Оны иеленген елдің мәртебесі де биік болады деген түсінік бар. Бәлкім, оның ғарышпен байланысы болуы да мүмкін. Бірақ осы күнге дейін Отпантаудың құпиясы ашылды деуге әлі ерте. Қашаған ақын:    
Отпантаудың басында
Дегелек деген   бір құс  бар.
Аспанда жүріп ысқырса,
Мың орда жылан басылған,
– деп жырлапты. Сонда бұл таудың ұшқан құсы мен жыбырлаған жыланына дейін Құдай тағала  тарапынан «арнайы кодқа» ие болған сияқты көрініп кетеді. Ал 362 әулиелі Маңғыстау осы Отпантаудан басталады десек, еш қателеспейміз. 

Сарматтан қалған бір сарқыт
Орта ғасырдағы парсы тарихшысы әл-Истахридің «Китаб месалик әл мамалик» атты еңбегіндегі Маңғыстау туралы алғашқы мәліметтерде ол  Маңғыстауды «Сия-кух» – «Қаратау» деп атаған екен. Таулы Маңғыстауда жер бедерінің күшті тілімделген аласа таулар, куэст типті аласа таулар, тау алдындағы ойпаттар деген (немесе тауаралық аңғарлар) үлкен үш түрі  бар болса, оның алғашқысына мұндағы Батыс және Шығыс Қаратау, Қаратаушық жоталары жатады.

Батыс Қаратаудың ұзындығы – 45 шақырым, ені 6-10 шақырымға дейін созылады. Ең биік жері – Отпантау. Жотаның салыстырмалы биіктігі – 464 метрді құрайды. Бедері күрделі, 300-400 метр биіктікте таудың үсті тегістелген, жатық дөңестерден тұрады. Таудың жиектері терең сайлармен тілімденген. Ал Шығыс Қаратаудың ұзындығы 42 шақырымға созылып жатыр. Ені 7-8 шақырым болатын бұл таудың ең биік нүктесі – Бесшоқы тауы. Екі Қаратаудың үсті де ежелгі Сармат теңізінің және сыртқы күштердің әсерінен тегістелген. Ал Отпан мен Бесшоқы шыңдары көне бедердің қалдығы болып саналады.

Тауасардан тал қалмай жүрмесін
Екі ғасыр шамасы бұрын «Уа», «Қауынды-Теппе» жерінде отырып, қыстан қатты жұтап шыққан Сұлтангелді баласы Тауасар «Қаратау бойының бұлағына барып егін екпесем болмас» деп, Ақмышқа көшіп келген екен. Ол бұлақ төңірегіне 220 түп ағаш егіпті. Үлкен баққа айналған осы ағаштардың көпшілігін 1918 жылы қызылдардан қашқан атаман Толстовтың отряды отынға пайдаланып, ат-арба, түйе қомына жаратып, отап, ойрандап кеткен.

Кейін Ақмышта жетім балаларға арналған мектеп-интернат ашылып, оның да құрылысы мен отынына осы ағаштар пайдаланылған. Ал 1950-жылдардың шенінде «Жаңа құрылыс», «Жаңа күш» колхоздары біріктіріліп, «Правда» колхозына айналдырылғанда, колхоз орталығы осы Ақмыш болды. Міне, осы құрылыс жұмыстарына да Тауасар еккен ағаштарды пайдаланыпты. Қазір Тауасардан қалған төрт-бес түп қана тал бар, олардың да қурап бітуі ғажап емес.

0561

Сәубіт еккенге сауап бар
Ақмышта тал еккендердің бірі – Ермағанбет шайыр. Аңызға қарағанда, Хорезмдегі Мәткәрім пірден білім алған Ермағамбет елге қайтарда ұстазы «жол білмей адасып қалғанда, менің аруағым көмектесер, ол жусаннан жусанға қонып, ұшып отыратын байғыз құс болып көрінер, тек соған ере біл», – депті. Ермағамбет Үстірттен асып, Маңғыстаудағы ауылына жеткенше бір байғыз құс алдынан пыр-пырлап ұшып, жол көрсетіп отырған екен дейді аңызда. Осылайша Маңғыстауға оралған Ермағамбет шайыр Ақмышта мешіт ашып, бала оқытумен бірге ағаш еккен кісі. Ақмыштағы жүз жылдық кәрі ағаштар осы Ерекеңнің қарақалпақ жерінен әкелген «сәубіт» деген талдың тұқымы екен.

Қызылқалаға қайырылмай жүрміз
Ақмыш бағының терістік-батыс жағында көне құрылыстың орны қалған. Өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың айтқанына қарағанда, бұл «Қызылқала» деп атаған елді мекеннің орны. Оның өмір сүрген уақыты белгісіз, алайда зерттеушілер 11-12 ғасырлардың тарихи құжаттарындағы «Маңғышлақ шахары» осы болуы мүмкін екендігін айтады. Алайда Қызылқала орнында осы күнге дейін кешенді зерттеу жүргізілген емес.

1980-жылдардың басында Ақмыштың оңтүстік-батыс іргесіндегі Қаратау жотасының үлкен сай шатқалында демалыс нысаны салынған еді. Сай ортасына хауыз салынып, ағаш егілген. Бірақ демалыс аймағы бүгінгі таңда істен шығып тұр...

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста