Қыздар «жағрафиясының» қызығы

Қыздар «жағрафиясының» қызығы

Төбе айналған сайын – Қыземшек
Әулие қыз, Қызәулие, Келінтөбе, Келіншекасу, Қызасқан, Қатынсу, Қатын Қарағай, Қатынқамал, Бибітонаған, Бәйбіше, Қарқара, Қарқаралы... деген жерөлердің айтары көп. Әйгілі Оқжетпес туралы аңыздың өзі неге тұрады. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» т. б. жырларға қатысты атауларды айтпай-ақ қоялық. Ал Алматыдағы «Мамыр» ықшамауданының атын тергеу үшін «Қалқаман-Мамыр» дастанына үңілсеңіз жетеді. Осы тәрізді Бес ана, Бегім ана, Қарашаш ана, Бибіғияз ана, Баршын, Гүлшат, Жадыра, Айбике, Данабұлақ, Сұлу Мәдина т.б. әйел есімімен аталатын жерлер қаншама. Бұған қоса Бетпақдала тәрізді жер атауын да екінің бірі біледі. 
Басқа елдерде де түркі әйелінің есімімен аталған жерлер баршылық. Мәселен, Ирандағы Қазвин шахарының аты Алып Ер Тұңғаның қызы Қаздың ойнайтын жері болғандықтан, «Қаз ойыны» (Қазойын-Қазвин) аталған. «Диуани лұғат ат-түрікке» үңілсеңіз болғаны, осы тәрізді жер атаулары жетерлік...            
Ал Алтай мен Атырау арасында Қыземшектер төбе айналған сайын кездеседі. Қыземшек көбіне Арқада жиі ұшырасады. Бұл да халқымыздың жаратылысты қабылдаудағы ерекшелігі мен эстетикасының аса жоғары болғанын көрсетеді.

Бұл не деген қаптаған Қырыққыз?!
Оңтүстік өңірде Қырыққыз, Ақсүмбе-Ақбикеш, Қыземшек, Келіншектау, Қатынкөпір секілді атаулар кездеседі. Одан асып көрші елдерге барсаңыз да, алдыңыздан Қырыққыз қаптап шыға келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы аумағындағы Қырыққызға жолыңыз түссе, нағыз 40 қыздың бейнесін көресіз. Өгем тауының қолатында тұрған қолдан соққандай 40 қыздың тас боп қатқан ғажап мүсініне қарап бас шайқайсыз. Құдды құдайына жалбарынған күйде өмірден өтіп кеткендей күй кешесіз. Нақты санасаңыз, «Өгемнің қыздары»  40-тан асады.

Аңызға қарғанда, бір ханның қыз ұзату тойының салтанаты өтіп жатқан тұста тосыннан жау әскері шабуыл жасап, ер-азаматтың барлығын жайратып, мал-мүлікті талап, таңдаулы деген қырық қызды ұстап, елдеріне әкеткелі жатқанда қыздар қолдарын көкке жайып, Құдіретке «жатқа қор қылғанша сүйегіміз өз елімізде, өз жерімізде қалсын, бізді тас қыл» деп жалбарынған екен. Ақыры қыздардың ниеттері қабыл болып, қатып қалған деседі. Бұл да топырақ пен қанға сіңген намыстың туын желбіретіп тұрған жоқ па, осы?!

Арманда кеткен Ақсаққыз
Ал Сырдың Байқоңыр ғарыш айлағына ең жақын тұсында Ақсаққыз кесенесі деп аталатын жер бер. Аңызға сенсек, әйгілі Қорқыт ата іздеген жерін таппай өмірінің соңында туған жері Сыр жағасына қайта оралады. Сонда дарияның ортасына тері жайып жіберіп, күй тартыпты. Он сегіз мың ғаламдағы жаратылыс атаулы қыл қобыздың үніне елітіп тұрады. Қылышын жалаңдатқан Әзірейілдің өзі оған жақындай алмайды. Тіпті Қорқыт бабамыз ғасырға жуық жан алғыштың өзін қобызы арқылы жанына жуытпағанға ұқсайды. Бұл қоңыр үн Арқада жүрген 40 қыздың да құлағына жетеді. Көз жетер қырдың астынан шыққандай болып естілген қобыз үнімен олар алға қарай қадам басып жүре береді. Бетпақдаланың шөлінен өтерде олардың барлығы дерлік діттеген жеріне жете алмайды. Тек аяғы ақсаңдаса да, құр сүлдесін сүйреткен бір қыз ғана Сырға жете бере жығылыпты. Оның өзі де Қорқыт бабаны көре алмай арманда кетеді. Соның алдында ғана бабаны қарақұрт шағып өлтірген екен.
Бұл жер бүгінде Ақсаққыз кесенесі деп аталады. Байқоңырдан бар болғаны 80 шақырымдай, Қорқыт стансысынан 10 шақырымдай жердегі дария жағасында қалған сол моланың қазір әбден мүжіліп, жартысы ғана қалған. Оны өткенді жақсы білетін алдыңғы буын болмаса, бүгінгі ұрпақ өкілдері бірден таба алмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста