Жойылған "жоңғарлар" деген кімдер еді?

Көшпенділер тарихында ойып алар орны бар Ойраттар жайлы көптеген деректер айтылып та, жазылып та жатады. Үш жүз жылдай бабаларымызбен іргелес отырған тарихы тағдырлас, қойы қоралас, қыз алып – қыз берген көшпенді елдердің, экономикасында мәдениетінде, дәстүрінде ортақ байланыстар болған еді.
Ауызша аңыз әңгімелерде: - «Киіз туырлықты қазақ-қалмақ бір туған», «Қатын алсаң, қалмақ ал!» - делінсе, кейде «Қоламса иісті қара қалмақ», «Өй, қалмақпысың!» - деп жақтырмаған кейіп танытылатын. Ғылыми дерек көздерден де, сан алуан деректерге кездесесің. Бірінде бабаларымыз Ойраттар тарапынан түрлі оқиғаларға байланысты туындайтын шабуылдарға қарсы күрессе, екіншісінде олардың феодалдары арасындағы шиеленісті шешуге бел шеше араласып, өздеріне тиімділеріне одақтас болып соғысып жатады. Кейде басқа хандықтарға қарсы жорықтарға бірігіп, бас қосатын жағдайлар да байқалады. Тіпті Ресей империясы олардың біріксе алынбас қамалға айналарынан қауіптеніп, сақтанған. Сондықтан да олардың негізгі көздегені қалайда жоңғар-қазақтарды жақындастырмау болған. «От қарулы – ойраттар» мен одақ құруға негізгі кедергі дін айырмашылығында еді. Қалден Цереннің Әбілқайырдың орысқа бодан болғандығына наразылығын білдіріп жолдаған хатынан үзінді келтірсек: - «Ол, Әбілқайыр тізесін бүгіп, ақ патшайымның алдында тұрғанда, мен қатты қынжыламын. Біз қазақ-қалмақ көшпенді ел, даланың қырандары емес пе едік. Жер шұқыған қарғаның алдында тізе бүккеніміз жараспас. Сендердің орыстарға сенім артуларын бекершілік.....» - дегенінен көп нәрсе аңғаруға болады.
Моңғолияның Сібір таулы ормандарында өмір сүрген, батыс моңғолдарына жататын «дербен-ойраттар», (ойрат – орман елі) 1204 жылы Шыңғысхан жасағына төрт түмен (бір түмен – он мың) сарбаз қосып «дербен-түмен-ойрат» аталынды. Төрт ойраттар, аталынған империя қарулы жасағының сол қанатының (зюнгар – сол қанат) сапында жүре соғысты. Жоңғарлар атымен сол кезеңнен бастап белгілі. Біріккен Шыңғысхан әскері қатарында 1204-1205 жылдары Найман хандығын жеңіп, жеңісті жолдарын бастады. Батысқа қарай ақырындап жылжып, Алтайдағы иесіз қалған найман жайылымдарын жайлай бастады.
Қытай тарихи шығармаларында элют, олот, элет атауларымен белгілі ойрат тайпаларын, ХV ғасырдан бастап мұсылман елдері «қалмақ» атаса, солардан соң орыстар да «калмык» атай бастады. Не себептен қалмақ (қалып қалған) атанғаны жайлы нақтылы тұжырым жоқтың қасы.
Ойраттардың Моголистанды жаулаушылыққа бағыталған алғашқы шабуылдары ХІV ғасыр соңында басталды.
Шыңғысхан қалыптастырған мемлекеттік негізгі күштік құрылымын құрудағы ондықтан бастап, мыңдықтарды құрау барысында қосылып-араласып кету, көршілес елдерге жиі жасалынатын кең ауқымды басып алушылық шабуылдар, моңғол ру-тайпаларына аса зор зардабын шектірді. Соңында рулық құрылым жүйелерінің үзіліп, жоғалып кетуіне соқтырып, феодалға тәуелді материалдық игіліктерді өндірушілерді қанауға негізделген таптық қоғамдық-экономикалық формация құрылуына ықпал етті.
ХV ғасырдағы Моңғол империясы ыдырауынан кейін пайда болған жаңа этникалық бөлімдер, енді ру-тайпалық бірлестіктер емес, князь мұрагеріне мұраға қалдырылатын династиялық феодалдық княздіктерден тұрды. Моңғолияның тарихи сахнасында ХVІ- ХVІІ ғасырларда ойрат халқын құраған торғауыт, хошауыт, дүрбіт, чорос, хоит т.т сияқты әлеуметтік-этникалық бірлестіктер пайда болды.
1457 жылы халқының негізгі құрамын қыпшақтармен, Алтайдан қоныс аударған наймандар, керейлер, қоңыраттар т.т құрайтын «Көшпенді өзбектер» мемлекетінің жасағын, ойрат ханы Уз-Тимур қолы Сығанақ маңындағы Нұр-Тоғай деген жердегі шайқаста күйрете жеңіп, билеушісі Әбілқайырдың басын идіріп, салынатын салық мөлшерін ұлғайтады. Сол оқиғадан кейін іргесі қаланған «Қазақ хандығымен», ойрат ақсүйектері арасындағы таққа таласудан туындаған текетіресті Цинь империясы тиімді пайдаланып «Жоңғар хандығын» (1635-1758 жж.)түбегейлі жойып жіберуіне дейінгі кезеңде тарихы сабақтасып жатады.
1600 жылдары Еділдің төменгі сағасына қоныстанып, жекелей хандық құрған торғауыттар мен дүрбіттердің бір бөлігі «Қалмақ хандығы» ретінде 1664 жылдан бастап орыс үкіметіне танылды. Ал аталынған хандықпен арадағы түрлі тарихи тартысқа толы кезең 1771 жылға дейін жалғасты.
Жоғарыдағы суретте: ХVІІ ғасыр соңындағы ойрат бөлімі қолбасшысы. Л. Бобровтың сызбасы. (Ресей, 2008 жыл)

Ескертпе: Тарихын сабақтастыра зерттеуді қажет ететін жоңғарлардың діні, жазуы, ғұрпы, елшіліктері мен шешуші шайқастары туралы деректерді басылымның алдағы сандарынан оқи аласыздар. Ал егер сіздердің тараптарыңыздардан тың деректер мен айтар ойларыңыз, келіспейтін тұстарыңыз болса жазбаларыңызды біздің редакциямызға жолдауларыңызға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста