Түстіктен теріскейге көш жүйесіз жүзеге асып жатыр – қоғам белсендісі

Елімізде төрт жылға жалғасқан «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 20 млрд теңге бөлінген 

Елімізде төрт жылға жалғасқан «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Оған ел қазынасынан 20 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама аяқталғанымен, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында көш әрі қарай жүзеге асырылады. Мақсат – халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерден Қазақстанның солтүстік аймақтарына еңбекке қабілетті азаматтарды тарту. Алматы облысынан Солтүстік Қазақстанға көшіп барған Бурахан Даханов көшті үдетуді көздейді. Жоспарын жүзеге асыру үшін ерікті «Тәуекел» ұйымын құрмақ. Azattyq Rýhy тілшісі қоғам белсендісімен сұхбаттасқан еді. 

- Бағдарлама қабылданған сәтте қарқын байқалғанымен, соңында көш сылбыр жүргені рас. Қаншама жағдай жасалып жатса да, түстік тұрғындары теріскейге көшуге неге құлықсыз?

- Иа, жоспар ауқымды еді. Бірақ сол жұмыстың жүзеге асырылуында белгілі бір жүйе жоқ. Қоныс аудару төңірегінде негатив ақпарат көп. Кейбір азаматтардың ойында «үкімет бәрін жасап береді, алдымыздан алтын тау шығады» деген қате пікір қалыптасқан. Қоныс аударған соң оның жай ғана қиял екеніне көзі жеткенде кейбірінің тауы шағылып жатады. Тіпті көштен көңілі қалып, шыққан өңіріне қайта кеткендер де бар. Дегенмен бұл көрсеткіштің аса жоғары еместігі қуантады. Қоныс аударушылардың 90 пайызы жерсініп, солтүстікке сіңісіп жатыр. Бұл өте жақсы нәтиже деп білемін. Жоба бойынша 40 мың адамды көшіру жоспарланған. Бірақ нәтиже 10 мың ғана. Бұл көш жайында толыққанды ақпараттың жоқтығы деп ойлаймын. 

Осы мәселемен айналысып жүргеніме 8 ай болды. Адамдар жиі хабарласып, «Еңбек» бағдарламасы бар ма, солтүстікке қалай қоныс аударуға болады» деп сұрап жатады. Бұл көпшілік ақпаратты қайдан алу керектігін білмейтіндігін білдіреді. Халыққа мәлімет беруде көмектесетін бір орталық керек. Сондықтан «Тәуекел» атты ұйым құру жұмыстарымен айналысып жүрмін. Бар мәселе оны тіркеуде тұр. Қолдау көрсетіп жіберетін демеуші болса, ары қарай жұмыс істеп кетер едік. Қоғамдық ұйымның  орталығы Көкшетау қаласында болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын қамтимыз. Мақсатымыз – көшіп келетін адамдарға барынша қолдау көрсету. Ақпарат беру, заң тұрғысынан көмектесу.  

- Мың адам көшіп кетті. Мың тағдыр. Меніңше бұл жеңіл-желпі қарауға болатын көрсеткіш емес. Әрқайсысы мемлекеттен жәрдемақы алды. Енді оны қайтаруға міндеттеледі. Көшіп келіп, қайта кету де шығын. Сондықтан жерсінбей жатқан адамдардың арасында белшеден қарызға батқандары аз емес екені анық. Мемлекеттік бағдарлама қатысушыларының шыққан өңіріне оралуының басты себебі неде деп ойлайсыз?

Көшіп келуші адам қайда бара жатқанынан хабардар болу керек. Солтүстіктің қатаң климатына шыдау оңай дүние емес. Бұл жаққа келетін адам соған психологиялық тұрғыда дайын болуы шарт. Сондықтан кейбір азаматтардың ерсілі-қарсылы көшуіне толық ақпараттың жоқтығы себеп. Көбі мұнда келгеннен кейін суығына әзір болуы тиіс. Мал 6 ай қорада тұрады. Бастапқыда дезинформация болған. Қоныс аударушыларға мемлекет 100 пайыз көмектеседі деген пікір қалыптасқан. Бәрі соған сеніп қалады. Бұл - ақылға қонымсыз нәрсе. Биліктен көмек күтіп отырмай әрбір адам өзі еңбектенуі тиіс. Көшіп келуші мен жергілікті халық деп бөлмей, барлығына бірдей қарау керек. 

Сергеев қаласының негізі ХІХ ғасырда қаланған. Елдімекенде сол кезде өмір сүрген адамдардың ұрпақтары әлі күнге тұрып жатыр. Бірақ олардың үйіне су тартылмаған. Ал оңтүстіктен көшіп келушір үшін жағдай жасалған. Су да, санитарлық торап да үйде. Жұмыс тапшылығы бар екені рас. Қазақстан мектептерінде 3,3 млн оқушы білім алып жатыр. Оның 500 мыңнан астамы Түркістан облысында болса, Қызылжар өңіріндегі мектептерде небәрі 75 мың бала бар. Осының өзінен-ақ халықтың орналасу тығыздығын аңғаруға болады. 

- «Еңбек» бағдарламасына қатысушылардан теріскейге сіңісіп кету үшін қанша уақыт қажет? Өзіңізге жаңа жерге үйенісу қиын болды ма?

- Атам қазақ көшпенді өмір салтын ұстанған. Мен де солтүстікке қоныс аударғанға дейін Қазақстанның 7-8 өңірінде тұрдым. Сондықтан Қызылжарға үйренуге көп уақыт керек болған жоқ. Дегенмен, түстіктен келген адамдарға қысы жырты жыл созылатын өңірге үйрену оңай емес. Мен тұрып жатқан Шал ақын ауданының Сергеев қаласында көшіп кетіп қалғандар жоқтың қасы. Елдімекенде 9 мың адам тұрады. Соның шашамен 400-і «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар. Қоныс аударушылар проблема туындай қалса  жұмыс беру орталығына барып шағымданады. Ондағы мамандардың 400 адамның жұмысынан басқа да мәселелері бар. Жергілікті халықтың да қамын ұмытып кетуге болмайды. Осы «Тәуекел» арқылы әкімдіктерге түсіп жатқан салмақты азайтып, көшіп келушілердің бір-біріне қолдау көрсетуін көбейтуді көздеймін. Адам аяқтан тік тұрып кету үшін өзі де әрекет етуі керек. «Тәуекел» көптің бірі емес, нәтижелі жұмыс істейтін қоғамдық ұйым болмақ. Cаll-орталық іске қосылады. Мәселен маған күніне 15 телефон қоңырауы түссе, дәл осындай адам месседжерге жазып, көш жайында сұрайды. Бәріне жауап беруге физикалық тұрғыдан үлгермеймін.  

- Сізге хабарласушылардың басым көпшілігі қандай көмек сұрайды?

- Мен әкімшілікте жұмыс істейтін маман емеспін. Хабарласқан кісіге алдымен осыны айтамын. Ерікті ретінде ақпарат беремін. Өзім адамдарды көшіріп, оларға жағдай жасамаймын. Тек мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламаны насихаттап, соның нәтижесін еселеу үшін еңбек етіп жүрген жанмын. «Тәуекел» ұйымының қызметі де сол болмақ. 

- «Тәуекелдің» тағы қандай жоспарлары бар?

- Қызылорда, Маңғыстау облыстары қуаңшылықтын зардап шегіп отыр. Қаншама мал қырылып, шаруа қиналып жатыр. Батыс, теріскей, шығыс өңірлеріне экспедиция ұйымдастырғым келеді. 50-60 көлікпен азаматтар елді аралатып, осы жақтың бай табиғатын, құнарлы топырағын көрсеткім келеді. Он адамның барлығы болмаса да, кем дегенде үшеуі осы өңірде қалғысы келеді деп ойлаймын. 

- Қоныс аударушыларға қандай іспен айналысуға кеңес берер едіңіз? 

- Мен үнемі мал шаруашылығы жайында ғана айтамын. Бірақ мұным дұрыс емес. Солтүстік тек мал, егін, құс шаруашылығымен айналысатын ғана жер емес. Мәселен, мен тұратын елдімекенде шаштараз аз, жекеменшік стоматология кабинеті мүлде жоқ. Сол сияқты басқа да бизнес нысандарын ашуға болады. 

- «Еңбек» бағдарламасы бойынша СҚО-ға көшіп келушілерге ғана арендалық баспаналар ұсынылды. Сол үйлер төңірегінде дау көп болды. Енді көшіп келушілерге баспана ұсынған дұрыс па? Жалпы мемлекеттік бағдарлама қатысушыларға қандай қолдау көрсету керек?

- Статистикаға сүйенсек, оңтүстіктен көшіп келген азаматтардың 80 пайызының үйі болмаған. Жұмыс істеп, отбасын асырап келген қарапайым азаматтар. Бұл жаққа келіп олар өз кәсібін ашып, бизнес жүргізіп кете алмайтыны белгілі. Өйткені ондай жұмыс істеу үшін диплом болмаса да, білім керек. Тіпті бизнес жоспар жазу да кез келген адамның қолынан келмейді. Осының барлығы ескерілуі керек. Басқарма, әкімдік, кәсіпкерлер палатасы – барлығы жұмыла жұмыс істеуі шарт. Көшіп келуші әр адам туралы толық ақпарат жиналып, онда қолынан не келетіні, қандай салаға бейімделіп кете алатынына дейін көрсетілуі тиіс. Сонда қоныс аударушылар түскен жаңа ортасынан өз орнын тауып, келген жеріне сіңісіп кетеді. Ниетім «Тәуекел» арқылы осының барлығын бір арнаға түсіру. Ұйымда ақпараттық база жиақталады. 

- Қоғамдық жұмыстан бөлек немен айналысасыз? 

- Менің ешқандай дипломым жоқ. Сондықтан жұмыс талғамай, кез келгенін істей беремін. Адал еңбек болса. Қыста қар күреймін, жазда отын жарам. Қоныс аударушыларға да айтарым, мемлекеттен ештеңе күтудің қажеті жоқ. Тек өзіңе сеніп, еңбектенуің қажет. 

- Сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Эльмира Мәмбетқызы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста