“Темір генерал” – Сабыр Рақымовтың сүйегі қайда жатыр?

Соңғы жылдары яғни 2006 жылдан бері аты аңызға айналған атамыз генерал Сабыр Рақымов жайлы ізденісті талмай жасап, тоғыз жыл бойы зерттеп, біраз шындықтың бетін ашқандаймын. Мен Сабыр Рақымовтың немере інісі болып келемін. Жасым 53-те. 1916 жылы дүниеге келген марқұм Төлебайқызы Бәтен апам көзінің қарашығындай сақтаған С.Рақымовтың суретін, 1974 жылы маған Қорабайдың тұқымдары деп айтып кеткен болатын. Кейін сол суретті өзім сақтадым. Яғни, 32 жыл араға салып С.Рақымовты суреті арқылы салыстырып таныдым. Суреттің артында С.Рақымовтың өз қолымен жазған аты жөні бар. Яғни, соғыс біткеннен кейін 2006 жылы 61 жылдан кейін тауып отырмын. Тарихтың ерте, кеші жоқ. Бұл тарих толқынынының ақиқаты анықталады деген сенімдемін.

Сабыр Рақымовты қазақ деп елге айтып жүрген Құралай апаймен жолығудың сәті түсті. Бұл сұхбатым баспасөз беттерінде де жарық көрді. Кейін атамыздың көзін көрген майдандас серігі, Кеңес Одағының батыры Тоғанбай Қауымбаевты арнайы іздеп барып жолықтым. С.Рақымовтың менде сақталған суретін көрсетіп едім, ол бірден танып кеудесіндегі Қызыл Ту орденді колымен көрсетіп, «бұл орденді ол кезде мықтылар тағатын» деп айтып куанып күлген еді. Атамыз бір газеттен «Генералдын зайыбы» деген мақаланы көріп, «неге олай жазасындар деп» ұнжұрғасы түсіп кетті. «Құралай да дүниеден өтті, бірақ генералдын зайыбы болған жоқ» деп ашып айтты.

Шежіреге сүйенсем, Омар ата мен Сабыр атамның аталары ағайынды адамдар болған. Олар Суаннан – Тоғарыс – Мұрат – Егізек – Ханкелді, Ханкелдіден – Ақша, Ақшадан – Бекболат, Бекболаттың тұңғышы – Әлібек. Әлібектен – Сауранбай, Қорабай, Сарыбағыс. Олар кезінде мыңғырған жылқылы байлар болған. Қоныстары   Қоңыр-өлен ауылының солтүстік жағында Қоянды тауының Көктастының сайы деген шатқал мекені болған.

Кейін бабаларымыз пролетариаттардың қуғынына ұшырап, ұрпақтарына «Халық жауы» деп қара күйе жағылады. 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 көтеріліс болғаны тарихта белгілі сол кезеңде қазақтар қайда көшіп қайда қонбады. Сол тұста қудалауға ұшыраған Қорабай бабамыз бен Сарыбағыс бабамыз бір ауыл ел боп жиырма шақты отбасы, көрші-қолаң, сонымен қатар сол кезде Қоңырсуан атанатын албанның қоңырбөрік атанатын ұрпақтары да оңтүстік жаққа қоныс аударды (менін зерттеуімше Бұл күнде Суанның Тұрдымбетінің Өтейінен тарайтын Бағыстың ұрпақтары). Ол жерде тағы қудалауға ұшырап Қорабай бабамыз Ташкентке қарай өтіп кетеді.

Қорабайдан Оңалбай, Оңалбайдан Сабыр екен. Сабырдың әкесі Оңалбай дүниеден ерте озады.

Сталиннің өзі «темір генерал» деп атап кеткен Сабыр Рақымов 1912 жылы Талдықорған облысы Октябрь ауданы орталығы Көктал болатын (кейнен Жаркент ауданына қосылған) Қоңыр-өлен ауылының солтүстік жағындағы Қоянды тауының етегіндегі Көктастының сайы деген жерде дүниеге келген. Ол жылдары құжат болмағандықтан әлі күнге дейін осы мәселе жайында таласу көп. Дегенмен дұрысы осы.

Ұлты өзбек деп жазылып та кеткен. Мен мұны да зерттеп көрдім. Сөйтсем, ол кезде Ташкентті өзбектер өзіне карату үшін тұрғындарды түгелдей солай жазған, мысалға Кеңес Одағының Батырлары Әбдіжапаров Садық, Ырысбеков Құрбанбай, Есетов Расул кұжаттарында да ұлты өзбек деп жазылып кеткені аян. Ал Қазақстанан аттанған жауынгерлердің ұлты жазылмаған тек тумасы деп жазылған бұл қалай?

Сабыр атамыз Бакудің ЗВПШ (Закавказский Военный подготовителный школа) С.Орджонокидзе атындағы екі жылдық курсын 1933 жылдың қарашасында бітіріп шығады. Содан Өзбекстанға қайта оралады. Қарақұмдағы басмашыларға қарсы күресте ерлігі үшін 1937 жылы Қызыл Ту орденімен марапатталады. Ол орден мендегі Сабыр атамыздың суретінде кеудесінде Қызыл Ту орден тұр.

Кеудесіндегі екінші Қызыл жұлдыз орденің 1937 жылы алған. 1976 шыққан ҚСЭ-ның 9-шы санында 1927 жылы Қызыл ту орденімен марапатталды деп жазыпты. Ол дұрыс емес 1927 жылы ондай орден алса онда атамыз Алаш арыстары мен қатар өмір сүргені ма? Жоғарыда жазып кеткеніміздей ол 1912 жылы дүниеге келген.

Бір деректерде С.Рақымов 1937 жылы 9 ай бір деректе 19 ай түрмеде отырды деп жазылыпты. Ол да дұрыс емес. Түрмеде ешқашан отырмаған. Тиісті орындарған хат жазып іздеу салғанымда, маған жауап беріп ондай құжаттар жоқ екенін көрсеткен.

Сөйтіп 1940 жылы Батыс майданға жіберіледі. Сол жылы 28 жасында Брест қаласында болыпты. 1941 жылы соғыс шебінде болып, Белоруссия және Смоленск майданында шайқаста жарақат алып госпиталге түсіп, одан емделіп шыққан соң 1941 жылы қарашада қайтадан шығады. 1942 жыл Ростов-на-Дон, 1943 жыл Закавказ, Краснодар, 1944 жылдары Донбасс, Украина мен Белоруссия елді мекендерін азат етіп, 1945 жылы Польшаның елді мекендерін азат ету кезінде Гданцк (Данциг) қаласының маңында 1945 жылдың 26 наурыз күні үлкен снаряд тусіп сол снарядың жарықшағы миына қадалып дүниеден озды. Көзсіз ерлік жасаған екен.

Құрметті оқырман, Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымовтың соғыста мерт болғаны хақында әр жылдары бұқаралық баспасөз беттерінде бір-біріне қайшы жалған мәліметтер басылып жүрді. Ауыр жарақаттанған генерал Сабыр Рақымовты топырақ астынан аршып алып, оның өмірден өткен соңғы минөтін көзімен көрген, Белоруссияның Пинск қаласына табытын ұшаққа салып әкеткенінің куәсі болған Кеңес Одағының батыры Қауымбаев Тоғанбай сол жазылғандарды түгелдей жоққа шығарды.

Тоғанбай атаның айтқандары шындық екеніне көзім жетсе де, қосымша деректермен мықтылап бекітіп алу үшін Сабыр командирлік еткен 37-гвардия атқыштар дивизиясы құрамында болған 65-армияның қолбасшысы, Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған, армия генералы Павел Иванович Батовқа 1982-жылдың сауір айында хат жазып, он екі сауалға жауап беруді өтіндім. Сол уақытта ол кісі Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің төрағасы болатұғын. Со жылы қыркүйек айында хаттама жауап келді. Бұл хатты жазған 37- гвардия атқыштар дивизияның штаб бастығы болған, қызмет бабына байланысты генерал С. Рахимовпен бірге тұрған полковник Василий Никифорович Горелев. Ол Маскеу қаласының Ұлы Отан соғысының ардагерлер кеңесінің хатшысы екен. Василий Никифорович Қауымбаев Тоғанбайдың айтқандарын растайтынын жазыпты.

Қысқаша қазақшаға аударып айтатын болсақ: «Сол күні мен госпиталда жатыттым.Бір кезде «Генерал жараланды» деген айқайды естіп, атып тұрдым. Қарасам генерал Сабыр Рахимов. Минаметпен атқылаған жаудың оғының бір ұшқыны генералды басынан жарақаттады. Жарақаты ауыр екен. Еске келмей бір тәулік жатты. Тек уақыты таусылар алдында көзін ашып, ауызын жыбырлатып, бірдеңе деп айтты. Не айтқанын мен түсінбедім. Сөйтіп генерал о дүниеге аттанды».

Мені толғандыратыны Сабыр атамыздың сүйегі кай жерде жатыр екен деген сұрақ мазалайды. Мен Кеңес Одағынын батыры Тоғанбай Кауымбаевтан сұрағанымда Белоруссияның Пинск каласына кортежбен алып кетті, сол жерде деген еді. Ал полковник Горелов В. Н. Белорусияның Гродно каласына жерленді дейді. Менің естуімше 1965 жылы Ташкентке бір уыс топырақ әкелінген сияқты. Осыны халық болып шешсек жақсы болар еді. Және Панфилов ауданын даңқты қандасымыз «Сабыр Рахимов атындағы аудан» деп өзгертсек қалай болар еді. Әділдікті шындықты ойлайтын халқы, болса ескеретін шығар деп ойлаймын.

Сабыр Рақымовты жоқтаушы, іздеуші немере інісі
Омаров Ерлік Мұқанұлы
namys.kz

Түпнұсқадағы тақырып: “Темір генерал” – Сабыр Рахымов
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста