Таудың аты - "Тарбағатай" ма?

«Алтаймен қол ұстасқан Тарбағатай таулары-ай» - дегізіп әнге қосылған, ежелден адамзатқа құтты қоныс, киелі мекен бола білген Тарбағатай қырқасы жайлы қанша айтсаң да, жазсаң да артық емес-ті.
ШҚО-дағы Үржар және Тарбағатай аудандарын бөліп жатқан аталған таудың екі жақ баурайының өзіндік климаттық ерекшеліктері бар. Оңтүстігі, яғни Үржар ауданына қарасты беткейі құз жартасты болып келетін сайларында жеміс-жидектің сан-алуан түрлерімен қатар жабайы алма ағаштары кездессе, етегі мол егістік алқаптары. Жергілікті тұрғындар жемісі жеткілікті, қары қалың, қысы жылы, шұрайлы өлкесін - «Алматының кішкене бөлшегіне» теңейді.
Ал солтүстік баурайының табиғаты мүлдем өзгеше. Қысы боранды, жазы салқын, сайларынан шығатын жабайы қарақат, бүлдіргендердің өздері кей жылдары жеміс берсе, көбіне бұршақ ұрып, дән бермей қалады. Дегенмен жадағай келген жоталары мал шаруашылығына қолайлы мекен. Кезінде «Кенже-Мұрын» болысына тиесілі болған аталған беткейдің ақ түтек боранында жылқы қайырған солардың бірінің: -
Тарғыбатай соқсаң-соқ,
Айғыр семіз қарын тоқ.
Бораныңа үситін,
Құлеке, Сейіт мұнда жоқ,
– деген өлеңі ел аузында сақталған. (Құлеке, Сейіт ру аттары. Жаз жайлауға шығарда аяқ астынан күн-райы бұзылып қарлы бұршақ ұрады. Малдары қырылып, өздері шала үсіп қалған).
Ауызша әңгімелерден бөлек, басылым беттерінде жоғарыдағы таудың аталуы жайлы түрлі пікірлер жазылып жатады. Баурайында ер жеткен біздер үшін бұл тақырып тіптен қызықты. Елдің, жердің тарихына байланысты айтылатын ауыл қарияларының аңыз-әңгімелеріне қанығып өстік. Солардың барлығында да жоғарыдағы өлең жолдарындағыдай таудың аталуы «Тарбағатай» емес, «Тарғыбатай» немесе «Тарбығатай» делінетін. Оның мәнісін сұрағанымызда: «кезіндегі қалмақ заманынан солай аталады, суырлы тау деген мағына береді» - деп түсіндіретін. Кейіннен Қ. Жұмаділов көркем туындыларынан таудың қазақы атауының «Барқытбел» екендігін біліп, балалық көңілмен бастарынан мұздықтары кетпес Тазтау, Ақбердідей биіктерін дулығалы батырларға балап:
Тарбығатай қарасаң батыр әлі,
Дулығасын шешпестен жатыр әлі.
Қазақ қойған атымды қайтып бер деп,
Қалмақтарды майданға шақырады, -
деген өлең жолдарын арнаған едік.

Ал енді таудың аталуына нақтылы ғылыми көзқараспен қарасақ, ХVII ғасырдың соңына қарай жазылған көне дерек көздердің біріне жататын қалмақ қолжазбасының (авторы Раднабхадра) орысша аудармасында кезігетін өзгеде жер-су атауларымен қатар «Тарбагатай» тауы да жазылған. Негізгі тау атауында түбір сөз болып табылатын, аталған қырқаның қай саласында болмасын көптеп кездесетін суыр түрінің ғылыми атауы – тарбаган. Моңғол тілінде тау – уыл, төбе – толга, өзен – гол, көл – нор, қасқыр – чон, суыр – тарбыг т.т делінеді.
Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақты жалғау арқылы біздер суыр+лы, қасқыр+лы десек, олар тарбыг+тай, чон+тай деп жазады. Бірақ дыбысталуында сөз соңындағы «й» әрпі айтылмай қалады.
Қорыта келгенде қалмақтардың «Тарбыгтай», яғни «суырлы» деген сөзінің қазақы қолданыста «Тарбығатай» немесе «Тарғыбатай» болып кеткендігін аңғару қиын емес. Ал «Тарбагатай» атауы, орыс тіліндегі қолданысқа икемделген түрі.
(Суретте: Ақберді шоқысы. Үржар өзенінің басталар тұсы).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста