Шыңғыс хан мұсылман ба?

Қазақ хандығын құрушы Жәнібек пен Керей түбі Шыңғысханға тіреліп отыр, осыған орай Шыңғыс ханды мұсылман деуге бола ма? Шыңғыс ханның ұрпақтарында мұсылманшылық қашан басталды? Енді қазақ хандығын құрушылар Шыңғысханның ұрпақтары болса, Отырардың ойрандалуын басқа көзбен қарауға бола ма? Мысалы: бүлікті басу деген сипат берсе бола ма?

Зерттеушілер Шыңғысханның нақты бір нанымда болғанына күмәнмен қарайды. Тарихшылар оның бақсыға сенгенін, Бұрхан-Халдун тауын қасиетті санағанын, тіпті бас киіміне ерекше құрмет көрсеткенін айтады.

Жувейнидің жеткізуіне қарағанда Шыңғысхан бір Тәңірге иланған. Қысылтаяң шақтарда, қатарынан бірнеше күн Тәңірге жалбарынғанын жекізеді. Шыңғысхан Тәңір сенімі мен Хақ дін Исламның арасынан пәлендей бір өзгешелік бар деп ойламаған тәрізді. Себебі, Әбілғазының «Түрік шежіресінде» берілген деректерге қарағанда, ол Исламның бес парызының төртеуін хақ деп қабылдаған. Тек, «қағбаға қажылық жасауға қатысты: «Тәңір неге бір жерді ғана қасиетті етіп жаратқан?» деп терең ойға берілген» дейді.

Ислам теологиясы бойынша шариғат бекіткен парызды жоққа шығару, діннен шығушылық саналады. Шыңғысхан қағбаға қажылық жасауды ада-күде теріске шығарса, онда ол иман келтірмеген болып есептеледі.

Бірақ, «Түрік шежіресінде» Шыңғысханның қағбаға қажылық жасау туралы: «Тәңір неге бір жерді ғана қасиетті етіп жаратқан?» деп терең ойға берілгендігі, яғни, тафаккур жасағаны жазылған. Сондықтан, Шыңғысханның Исламды қабылдап, қабылдамағанына қатысты кесінді пікір айту қиын. Жалпы, Шыңғысхан дін адамдарына ерекше құрметпен қараған.

«Ұлы Яса» бойынша Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы хафиздер және фақиһтер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәруіш-кезбелер, азаншылар мемлекетке алым-салық төлемеген. Сондай-ақ, діни бірлестіктердің меншігіндегі уақфтық жерлер де салықтан босатылған. Шыңғысхан 1206 жылы өзінің ата жауы саналған меркіттер мен наймандардың соңынан кек алу мақсатында ауық-ауық Орталық Азия мен Дешті-Қыпшаққа жорықтар жасады. Осы жорықтардың жалғасында Хорезм шаһ мемлекетімен саяси текетіреске түсіп, соңында Орталық Азия мен Қыпшақ даласын біржола иемдену үшін кең ауқымдағы әскери шабуылын ұйымдастырды.

Шынтуайтында, Шыңғысханның Батысқа жасаған жорықтарынан бұрын Найман тайпасының билеушісі Күшліктің Шыңғысханнан жеңіліп, Жетісу жеріне үдере көшіп келуімен Орталық Азиядағы саяси һәм діни ахуал күрделене түскен болатын. Шыңғысханнан 1208 жылы жеңілген Күшлік хан Қидан патшалығының ішінде туындаған 1212 жылғы бұлғақты ұтымды пайдаланып, қарлұқтардың билеушісі Махмұд ханмен бірігіп Жилугу горханды биліктен тайдырады. Тегінде, наймандар несториан дініне сенетін ел еді. Күшлік хан Жилугудің қызы Хұнхуға үйленгеннен кейін несториан дінінен шығып, бұдда дініне кіреді. Күшлік хан өзі үстемдік еткен жерде мейлінше сорақы діни саясат жүргізіп, халықтың қарсылығына ұшырады. Қидан патшалығының негізгі дені Ислам дініне сенушілер болатын.

Ал, Күшлік хан мұсылмандарды «не бұдда, не несториан дініне сенулерің керек» деп мәжбүрлей бастады. Шыңғысхан 1218 жылы Жебе ноянды қолбасшы етіп әскерін Күшлік ханды талқандауға аттандырады. Жетісу жеріне аяқ басқан Жебе ноян бейбіт тұрғындардың бас-амандығына кепіл болатанын, сондай-ақ, мұсылмандарға діни-сенім бостандығын қайтарып беретіндігін жария етеді. Діни теңдікті паш еткен Жебе ноян халықтың негізгі бөлігін өз жағына шығарып, Күшлік ханның әскерін тас-талқан етеді.

Ал, Шыңғысханның Хорезм шаһ мемлекетімен соғысы оның Отырарға аттандырған керуенін Қайыр ханның тонауына байланысты туындаған еді. Тарихшы Ибн әл-Асирдің айтуына қарағанда Шыңғысхан көп мөлшердегі құйма алтын мен күміс тиелген керуенді Бұқара мен Самарханға жіберіп, өзіне керекті мата мен киім-кешек алдырмақшы болған.

Керуен Отырарға келгенде, қала басшысы мол байлықты көріп, оны Хорезм шаһқа хабарлайды. Ал, Хорезм шаһ болса, керуенді тонап, адамдарын өлтіріп, алтын-күміс құймасын өзіне жіберуді бұйырады. Отырар билеушісі Хорезм шаһтың бұйрығын бұлжытпай орындап, керуенді тонап, саудагерлерді қырып салады. Алтын-күміс тиелген керуенді Хорезм шаһқа жеткізеді (Ибн әл-Асир. Әл-Камил фит-Тарих. 316 б).

Екі мемлекеттің дипломатиялық қарым-қатынасына сызат түсірген бұл қанды оқиғадан соң Шыңғысхан Бағра бастаған елшілерді Хорезм шаһ Мұхаммедке жіберіп: «Біз еліміздің ешқандай саудагеріне тимейміз деп келісім жасасқан едік, біздің керуеннің саудагерлері Отырарда өлтіріліпті. Егер бұл іс өз әміріңмен істелмеген болса, қылмыстыны қолыма сал, сазайын өзім тарттырамын, әйтпесе соғысты күтіп ал» деп деп шарт түйінеді. Алайда, Хорезм шаһ Шыңғысханның кесетпесіне құлақ түрмек түгілі, келген елшілерді де өлтіріп тастайды.

Шыңғысханның Жебе мен Сүбідей баһадүрлер бастаған қаптаған қалың қол 1219 жылы күзтоқсанда Отырар қаласын қоршауға алып, алты айға созылған соғыстан соң қаланы бағындырады. Қолға түсіп, есір болған Қайырхан Иналшық азаптап өлтіріледі (В.Бартольд. Туркестан в эпоху Монгольского нашествия. Соч.Т. І, М., 1963, 479-480 сс ).

Ал, Шыңғысхан ұрпақтарынан алғаш болып ислам дінін қабылдаған Алтын Орданың ханы Берке болатын. Ол ислам дінін Кубрабия тарихаты өкілдерінің ықпалымен қабылдады. Берке ханның Алтын Орда тағына отыруымен Жошы ұлысы Қарақорымнан іргесін бөлек салып, тәуелсіз мемлекетке айналды.

Алтын Орда – Берке хан билеген шақта Хақ дін – Исламның жоқтаушысына айналған мәдениеті жоғары, руханияты толысқан, әскери һәм саяси-экономикалық қуаты артқан теңдессіз алып империя дәрежесіне көтерілді.

Мұхан ИСАХАН
kazislam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста