Шошқаның сүті немесе "қаны бұзылған қазақ"

Газет-журнал көрсек, жата жабысып парақтай жөнелетін жаман әдетіміз жастайы­мыздан бойымызға сіңісті болыпты. Кейде осы әдеттің қуандырары да, суардырары да бар. Өткенде «Отырар» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына жолым түсіп бара қалмаймын ба? Осы кітапхананың бөлім меңгерушісі Асылзат Ақылбек сырты жылтырақ әдемі бір журналға шұқшия қалыпты. Енді қызық болмаса несіне шұқшияды? Журналдан басын көтерген соң «қандай қызық бар екен?» деп сұрадым. Асылзат қолыма журналды ұстата салды. Іші-сырты түгел түрлі-түсті жылтырақ әдемі-ақ журнал екен. Жаңа саны.
Журнал тілшісі байланыс саласында ұзақ жыл қызмет еткен бір азаматтан сұхбат алыпты. Осы азамат өнерге байланысты бір кітап жазған көрінеді. Бірақ, әңгіме кітап жайлы емес. Сонымен тілші қыз сұхбат берушіден: «отбасын қанша жасыңыздан құрдыңыз» деп сызыла отырып сұрақ қойыпты. Не дегенмен қыз емес пе, оған отбасылық өмір қызық көрінген шығар. Сұхбат беруші не деп жауап берді екен? Тыңдаңыз.
– Институт бітіріп келгеннен соң бір жылдан кейін шаңырақ көтердім. Жұбайымның есімі – Наташа. Үш қы­зым бар. Үлкен қызым психолог болып жұмыс істейді. Екінші қызым ағылшын жігітімен бас қосты. Екеуі де осы Алматыда банк саласында. Ал, кенже қызым норвег жігітіне тұрмысқа шықты. Қазір Норвегияда тұрып жатыр. Қыздарымның барлығы да екі жоғары оқу орындарын бітірген, – депті сұхбат беруші. Біздің ішіміз дыз ете қалды. Сұхбат алушы журналист қыз да сондай сезімде болды-ау шамасы.
– Қыздарыңыздың өзге ұлтқа тұр­мысқа шығуына қарсы болмадыңыз ба? – депті ол да.
– Жоқ, – депті сұхбат беруші.
– Неге?
– Неге қарсы болуым керек? Өздері қалады. Баяғы қазақ емеспіз, қазір бәрі өзгеше. Өзімнің қанымда да өзге ұлттың қаны бар. Сегізінші әжем қалмақтың қызы болған. Алтыншы атам түркімен қызына үйленген, – деп сұхбат беруші өзіндік пікірін білдіріпті.
Асылзаттың абдырап отырған тұсы осы екен. Япырай, қаласа шүркітке немесе қытайға қыздарымызды қосақтап жібере салуымыз керек пе? Намыс қайда, ар қайда? Онсыз да қысық көз қоңсылар қазақтың қаракөз қыздарына қасқырша жабылып шетінен үйленіп, күшік күйеу болып жүргендері аз ба еді? Бұл қытайың қу ғой, қазақтың кемпіріне үйленсе де үйтіп-бүйтіп әйтеуір Қазақстанда қалуы керек. Әу баста олар осы мақсатпен келген. Сосын, бірте-бірте көбейіп «бұл жер біздің атамекеніміз» демесіне кім кепіл? Осы қытайлардың оқулықтарында қа­зақтың көптеген жері қытайдікі болып белгіленген деп баяғыда естуші едік. Сол дәмесі әлі күшінде болса, райынан тартынбаса қытай дегеніне жетіп тына ма деген қауіп ұйықтатпайды.
Иә, сөйтіп, «Баяғы қазақ емеспіз, қазір бәрі өзгеше» депті сұхбат беруші. Атасына рақмет, қыздарын ағылшын мен норвег жігітіне бергені болмаса, тап осы жолы ол құдайшылығын айтып отыр. Расында, баяғы қазақпыз ба? «Итің ұры» десе намыстанатын қазақ қалды ма қазір? Білмеймін. Бәлкім, сіз білетін шығарсыз. «Қыздарымыз жігітпен жүреді» дегенді есту құлаққа түрпідей тиюші еді. Қыз ағасы долданып, намыстанып әлгі жігітке «менің қарындасымның ма­ңайынан жүрме» деп түтіп жейтін. Бұрындары қызды айттырып, құда түсіп алатын. Ал, зәуімен қыз күйеуге қашып кетсе, соңынан барған ағасы немесе інісі қарындасын әңкүр-мәңкүрдей сұрақтың астына алушы еді. Мұндайда қыз алып қашқыш жігіт қарасын көрсетуге қорқатын. Өйткені, қайын аға­сының қолына түссе ондырмайты­нын біледі. Ол кезде ұят бар, ар бар екен-ау. Қазір ше? «Қыздарымыз көшеде жүр» десе намыстанбайтын болдық. Бұрын мұндай теріс жолға түскен қызды тасаттық жасап өлтіретін. Бүгінде дым білмегендей, түк көрмегендей бақырайып отыра береміз. Бұл нені білдіреді? Баяғы намысты қазақ еместігімізді көрсетеді.
Сегізінші әжесі қалмақтың қызы болған, алтыншы атасы түркпеннің қызын алған сұхбат беруші Наташа есімді сұлуға үйленгені де тегін емес сияқты. Суретіне қарап жеңгеміздің қай ұлттың қызы екенін айыра алмадық.
Қазақ мемлекетіне қазақтардың ғана жаны ашиды. Егер, жаман айтпай жақсы жоқ, ел шетіне жау тисе қолына шоқпар көтеріп, әруақ шақырып елін қорғайтындар тек қана қазақтар болмақ. Мына, ішімізде мидай араласып жүрген кейбір ағайындар «сіздер соғыса беріңіздер, біз сырттан тамақ тасиық» деп сол күні-ақтайып тұрарына күмәнім жоқ. Орыс орманына барып қорғанар, қытай қорғанына барып паналар. Сонда, тек өзіміз ғана қаламыз. Мұндайда аралас некеден туған дүбаралардан да қайран шамалы. Оларға Отан дегеннің өзі жәй бір ойыншық сияқты болып қалған. Бұларға бәрібір. Егер, ел іргесі сөгілетіндей қауіп төнсе, демнің арасында ұлтын сатып шыға келетін көзқамандар көбейетініне көңіл сенеді. Сондықтан, қазақ деген халық тығыз топтасып, на­мысын жерге таптатпайтын жәйтті көбірек ойланған жөн-ау.
Қазір статистика шетелдіктерге тұр­мысқа шыққан қаракөздеріміздің саны жыл сайын артып келе жатқанын көрсетіп отыр. Бұл ненің көрінісі? Біздіңше, қазақ баяғы қазақ емес. Өзгерген. Өзгешелеу. Қарын тойдырғанды қанағат тұтатындар көбейді. Жуырда журналдан бір сұмдық оқыдым. Шетелдің бірінде жолбарыс­ты енесінен туысымен-ақ шошқаның сүтімен асырапты. Әлгі жолбарыс өсе келе аң ауламақ түгілі, тышқанның тысырынан қорқатын болған. Орманға жалғыз жіберсе аң аулап жеуді білмей аштан бұралыпты. Сосын, оны қайтадан хайуанханаға әкелген. Сөйтсе, бұл мақұлық торайларды өз баласындай көріп емізе бастаған. Бойында жыртқыштық рух қалмаған соң жолбарыс екеш жолбарыс та табиғат сыйлаған жолдан тайыпты. Мамандар енді мұның барлығын шошқаның сүтінен көріп отыр. Бізде «шошқаның сүтін» еміп жүргендер аз ба? Енді, шошқаның сүтін емген соң шошқа болмағанда қайтеді? Бойындағы табиғат сыйлаған тектіліктен жұрдай болады да.
Біздің кейбір көкелер Кеңес үкіметі кезінде әскерде басқа ұлттың өкілінен жар таңдап, келіншек әкелуді дәстүрге айналдырып еді. Сол жеңгелерімізден туған інілеріміздің бойында, мінездерінде әйтеуір бір ерекшелік, қазақылығымызға үйлеспейтін мінез табылушы еді. Сөйтсек, ана сүтімен келеді екен ғой. Ертең осы бауырларымыз «қызымыз қайда барса онда барсың, әйтеуір бай тауып алса болыпты» деп отырса қайтпекпіз? Жалпы, қанды сақтау керек екені бұрыннан айтылып жүр. Баяғыда бір ағамыз арақ ішіп алып бүкіл ауылды қырып жібере жаздағанда «қаны бұзылған ғой» деп әкелеріміз жекіп отырушы еді. Сол қаны бұзылғанның не екеніне енді көзіміз жеткендей. Ұлтты айрандай ірітетін тағы бір індет – тіл білмеушілік. Осыдан барып жастарымыз ұлттық құндылықты бойларына сіңіре алмайды. Ұлттық намыс, ұлттық ардан жұрдай дүбәралар бөлек тобырға айналмақ. Ал, тобыр ұлтқа тұлға бола алмайды.
Шымкенттегі коммерциялық бір дүкенге кіре қалмасым бар ма? Бір шіренген қазақ ұл-қыздарына орысша сөйлеп жүр. Оларға киім әпермек екен. Әрине, қымбатынан.
– Балаңызды қазақ мектебіне беретін шығарсыз? – деп сұрадым қарап тұрмай. Ол маған алара қарады. Қарасынан «мынауың жынды ма өзі?» дегенді айтпай түсіндім.
– Қазақ тілінің болашағы жоқ. Баламыз тар шеңберде қалады, – деп әлгі шіренген байсымақ мызғымай қарап тұр.
Қай-қайдағы жындарым қозып, қаным қарайды.
Осы менің қаным бұзылғаннан аман ба?
Сіз қалай ойлайсыз?

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
журналист.
«Ақиқат» журналы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста