Шоқанның жанында кімдер жерленген?

Шоқанның жанында кімдер жерленген?

 Шоқанның басына бірнеше рет бардым. Барған сайын «бұл жерде Шоқаннан басқа кімдер жерленген екен» деп ой мазалайтын.
Дана Шоқанның дара жатуы мүмкін еместей көрінетін. Оның үстіне, бейіттің күнгей жағында құлпытасқа ұқсайтын маңдайшасы жоқ тастың тұрғаны тағы бар. Шоқан музейінен бұл туралы сұрағанымызда, бұл жерде төрелердің жерленгенін айтқан еді. Музейдегілер ол жерде Айсарының бауыры Көшен (Шоқанның балдызы) жерленген деген болатын.

Өткенде Франция ұлттық кітапханасының қорында сақталған қазақ тарихына қатысты құжаттарды ақтарып отырып ішінен қызық дүние тауып алдым. Нақтырақ айтқанда, француздардың кітапханасында шығыстанушы-этнограф Николай Пантусовтың Шоқанның мазары туралы мақаласының қолжазбасы сақталыпты. Сондай-ақ, Пантусовтың Шоқан бейітінен түсірілген 2 фотосуреті сақталған.
Біріншісінде, орыстың этнографы Шоқанның мазарының ішінде отыр. Бұл суреттегі Шоқанның мазары бүгінгі зиратынан мүлде бөлек. Саман кірпіштен қаланған, ішіне адам кіре алатындай етіп қос қапталын ашық қалдырған. Ал бейіттің бергі жағынан алты қазақты көруге болады. Екеуі бейіттің екі бұрышында қасқайып тұр, қалғандары мазардың оң жағында жүрелеп отыр.

Ал екінші сурет жалпы планда алыныпты. Осы суреттен әуелде Шоқан бейітінің саман кірпішпен қоршалғанын байқауға болады. Қоршаудың ішінде, Шоқан бейітінің артқы жағында тағы бір сопақша мазар тұр. Қоршаудың сыртында аттар байлаулы. Соған қарағанда суреттегі қазақтар мазараттарды зерттеу мақсатында құрылған Пантусов экспедициясының мүшелері болса керек.

Иә, бұл экспедиция 1897 жылы Жетісуды зерттеу мақсатында құрылған болатын. Осы экспедицияның құжаттары арасынан Пантусовтың 48 фотосуретін тауып алдық (Шоқанның мазарының 2 суреті де осының ішінде).
Одан бөлек, Пантусовтың «Могила Чокана Валиханова, близ станции Куянкузской, Копальского уезда», «Келиншектас, близ выселка Карабулакского, Копальского уезда», «Могила Такене Дюсетова близ города Копала», «Тамгалы-тас, урожище Капчагай Копальского уезда Балгалинсой волости» секілді мақалаларының қолжазбалары сақталған.

«Могила Чокана Валиханова» мақаласында Николай Пантусов: «Бұл мазарға мен 1898 жылдың 1 тамызында бардым. Мазар пошта жолының сол жағында орналасқан (Қоянкөз станциясынан Алтын-Емел станциясына қарай жүргенде), Қоянкөздің 5-інші станциясынан өткен кезде жолдан көрінеді. Мазар биік төбеде орналасқан, айналасында қазақтардың егіндік жерлері бар, арықтар ағып жатыр. Сондықтан ол жерге атпен ғана жетуге болады. Шоқанның мазары көптеген қазақ сұлтандарының молаларының ортасында тұр. Мазарлардың бәрі де ескі, құлағалы тұр, ешқандай жөндеу көрмеген. Шоқанның мазарының төрт бағаны бар, саман кірпіштен соғылған. Осы төрт бағанның үстіне күмбез қойыпты. Өкініштісі, қазір күмбездің жұрнағы да жоқ. Әбден мүжіліп, құлап қалған. Мазардың ұзындығы – 7 аршын (10 метрге жуық), ені – 6 аршын (8,5 метр), биіктігі – 4 аршын (5,5 метр).
Шоқанның мазарының ішіне мәрмардан қашалған төртбұрышты плита қойылған, бетінде мынадай жазу бар: «Бұл жерде 1865 жылы дүниеден өткен штабс-ротмистр Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов жерленген. Түркістан генарал-губернаторы фон Кауфманның тапсыруымен Уәлихановтың ғылымға сіңірген еңбегін ескере отырып генерал-лейтенант Колпаковский 1881 жылы ескерткіш орнатқан. Бұл жайлы тақтаға жазылған, қазақ тіліндегі аудармасы берілген», – деп жазады.
Айтпақшы, Пантусов осы мақаласында Шоқанның мазарының артындағы бейіт туралы да мәлімет берген екен. Бұл сұлтан-майор Ералы Әділовтың мазары болып шықты. Айта кетейік, Ералы сұлтан – Абылай ханның немересі. Абылайдың қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханымнан төрт ұл болған. Олар – Уәли, Шыңғыс, Әділ және Есім. Ералы – осындағы Әділдің ұлы.
Әділ заманында Ұлы жүздің сұлтаны болған. Шоқанның Уәлидің немересі екенін ескерсек, Ералы оның ет жақыны болып шығады. Ендеше, олардың бір жерде жерленуі бекер емес. Сондай-ақ Пантусов еңбегінде Шоқанның жанында Ералы сұлтанның ұлдары Қожа-Ахмет, Қасым, Әбіш және Мұхамедияр Әбішев, Сырғабай Жармұхамедов, Бектеміс Қырғызбаев, (соңғы екеуі төлеңгіттер), Сұлтан Аббас Мұртазин, Жүніс Әбдімүминов, Жабин-хан Қожа-Ахметов секілді адамдардың жерлегенін жазыпты.

Айтпақшы, Шоқанның мазарының бастапқы түрі деп жүрген тағы бір суреті бар. Бұл суретті орыс саяханшысы, зерттеуші Григорий Потанин салған. Ел арасында Потаниннің осы суреті бойынша Шоқанның басында кесене тұрғызылғаны, кейін оның құлағаны айтылады. Кім біледі, сұрқы шіркеуге ұқсағандықтан, қолдан құлатылған болуы да мүмкін. Немесе мұндай мазар мүлдем тұрғызылмаған да шығар. Ал Пантусовтың объективіне түсіп қалған Шоқанның көне мазарыны көп жайдан хабар береді екен. Зерттеймін деген адамға тың тақырып табылып тұрғандай.

Серікбол Хасан
aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста