Егер де осы оқиға желісі бойынша кино түсірсек Глеб Орлов сияқтыларға жақсы бір жауап болар еді.
***
Фильм был запрещен в Украине
***
Жас актер Дәурен Әбдіғаппаровтың түрік балуанының рөлін сомдағанын қызғанбаймын, бірақ Қажымұқанды "өлтіре" салған киноға қалай қуана түскеніне таңым бар, әлде ол "Хаджимукан" деген атты естігенде селт етпеді ме? "Ей, "Хаджимукан" деген қазақтың балуаны, одан да сол рөлді мен сомдайын, әм Қажымұқан мен Поддубный екеуінің нағыз достығын көрсетейік" деуге де жарамады ма? Әлде "Хаджимуканнан" басқа ат таппай қалды ма сол Глеб?
***
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының назарына жазылған Ашық Хаттағыдай Қажымұқан бабамызды «Чемпиондардың чемпионы» деген атаққа ие болған И.Поддубныйдан жеңілгені рас та болар деп сүмірейтпей-ақ қойсаңыздар, ағайын!
***
Қазақ Даласының Батыры – Қажымұқан Мұңайтпасов – жауырыны жерге тимеген, тізесі бүгілмеген балуан! Ол үшін дауласудың керегі жоқ!
Десе де, әлі күнге дейі нүктесі қойылмай келе жатқан бір мәселе бар.
Ол – «Қажымұқан Поддубныйдан жеңілген бе, жеңілмеген бе?» деген сұрақ.
Бұл турасында Жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың 1989 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Қажымұқан» атты кітабының 103-бетінде:
« - Ағаның жолына әдепсіз кісі ғана таласады. Бірінші орын мына кісінікі, - деп сирағынан қыса ұстап, тіп-тік көтеріп иығына тұрғызды да, Поддубныйды кенеттен есікке алып кетті Мұқан», - деп суреттеледі.
Осы оқиға 1913 жылы Парижде өткен Әлем біріншілігі болатын.
Қажымұқан неге бұлай істеген? Әрине, оның бір-ақ жауабы бар. Ол – орыс достығы.
Ал шын мәнінде Поддубный Мұңайтпасовты жеңбеген. Кей жағдайларда екеуі тең түсіп отырған. Ондай жағдайда Қажымұқан Поддубныйды дос, ұстаз тұтқаннан өзі екінші орынды қанағат тұтып отырған. Бұл олардың айнымас достығының дәлелі болса керек.
Бірақ Қажымұқан Поддубныйдан ешқашан да жеңілмеген. Ал енді Қажымұқанның Поддубныйды қалай «жеңгеніне» тоқталамыз.
Барлық балуандарды жеңіп шығып, соңында қалатын Поддубный мен Қажымұқан көп жағдайда «тең түсіп» отырған. Қытайдың Харбин қаласында да осылайша тең түсіп, нәтижесінде Поддубный бірінші, Қажымұқан екінші орынды алған. Ал Жапонияның астанасы - Токиода өткен жарыста бұл жағдай басқаша сипат алған. Тағы да Ресейдің екі балуаны жеңімпаз болғаннан кейін бұл шешім өзгеріп кетеді. Яғни, жеңімпаз тек біреу ғана болуы керек. Енді французша күрес емес, жапондық «джию-джитси» күресінен өнер көрсетуі керек болады. Бұл туралы жазушы Мұрат Керейбайдың «Қажымұқан» (Астана, «Фолиант», 2006) атты кітабында былайша түсіндіріледі:
«Жарыстың бас төрешісі:
- Қадірменді орыс палуандары! Сіздер французша күрестен жеңімпаз атандыңыздар. Дегенмен, бәйгеге тігілген арнайы ақшаны іштеріңіздегі ең күшті дегендеріңіз жапондық «жию-житси» күресінде жеңгенде ғана алады. Біз сіздермен Харбин қаласында осылай келіскен болатынбыз...
Оқиғаның осылайша өрбитінін күтпеген орыстар алғашқыда абдырап қалды.
Залда қайтадан тыныштық орнады. Енді орыс палуандары «жию-житсу» күресі жайлы еміс-еміс естігендерін ойларына түсіре бастады.
Бұл күресте ешқандай ереже жоқ екен, әркім өзі ойлап тапқан кез келген әдіс-айланы қолдана алады. Палуанның жауырыны жерге тисе де жеңілген болып есептелмейді. Жеңілудің бір ғана түрі – күрес алаңында о дүниеге аттану немесе есінен танып құлап қалу ғана. Ал қарсыласы жеңіс тұғырына шығып, қомақты, қаржыға ие болады.
Тағы да үнсіздік. Жұрт демдерін ішінен алып отыр. Орыс палуандарының ешқайсысы басын өлімге тігіп, Саракикимен күреске түсуге батылдары жетпей тұрғанда ортаға Қажымұқан суырылып шығып, шапанын орындыққа тастай салды.
Сол кезде Мұқан палуанның екі жағында тұрған Иван Поддубный мен Иван Корень:
- Қой, асығыстық жасама, өлесің.
- Бұл күрес французша күрес емес, жапондық күрес... – десті.
Сонда Қажымұқан:
- Мен намысты қолдан бере қоятын халықтың өкілі емеспін! Тәуекел! Әруақ! – деді де, алға суырылып шықты».
Күрес аяғында Қажымұқан Саракикидің үстіңгі ерні мен мұрынын қоса қармап, екінші қолымен желкесінен тіреп ұстап, ерні мен мұрнын қоса сыпырып алады. Саракики есінен танып қалған мезетте, сыпырылған бет-терісін қоя беріп, оның мойны мен иығынан мықтап қармап ұстайды да жоғары қарата лақтырып жібереді. Жапон балуаны 5-6 ай емделгеннен кейін ақыл-есінен айырылып, жындыханаға түсіп, көп кешікпей қайтыс болады. Бұл болған оқиға, бәрі де шындық. Саракики де атамыздың құлағын қыршып тістеп жұлған және ернінің біраз бөлігін жұлып алған. Оны Қажымұқан атамыздың суреттерінен де байқауға болады.
Көрдіңіздер ме?! Атағы жер жарған, күрескен адамы тірі қалмаған Саракикимен күресуге Поддубныйдың да жүрегі дауаламай, ортаға батыр Қажымұқан шығып, дұшпанын жер жастандырады. Сонда, бірінші орынды Қажымұқан Мұңайтпасов алған болып шықпай ма?! Әлбетте, солай!!!
Қажымұқан Поддубныйды қалай жеңді?
Последние статьи автора