Бүгін Астанадағы Тұңғыш Президент мұражайында "Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы тұлғалары" тақырыбында көрме ашылды. Онда Қазақ хандығының тарихына қатысты бірегей жәдігерлер қойылды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.
Ұйымдастырушылар елімізге белгілі суретшілер, зергерлер мен мүсіншілердің көмегімен Қазақ хандығының көркем панорамасын жасап қойды. Экпозицияның басты нышандары - Бөлек батырдың дұлығасы, қазақ хандарының мөр-сақиналары, алтын жіппен кестелеп тігілген панно және тағысын тағы. Экспонаттардың басым бөлігі алғаш рет таныстырылмақ. Оның ішінде Қытайдың Цинь әулеті кезіндегі бірегей панно бар. Онда сан алуан мемлекеттерден келген елшілердің сый-сияпатпен өзара алмасулары суреттелген. Олардың ішінде Қазақ хандығының өкілдері де бар.Қазақ хандығының тарихына қатысты жаңа жәдігерлер (ФОТО)
Последние статьи автора