Оспан батырдың дүркіреп тұрған шағында, Сталин оны өз жағына тартып, пайдаланбаққа әрекет еткен.
Сөйтіп, Оспанмен байланыс жасау ісін КСРО Қауіпсіздік министрлігінің барлау қызметінің басшысы генерал Ланфанг, кеңесшісі Греднев, Ішкі Істер министрінің кеңесшісі генерал Пахомов, Моңғолиядағы КСРО елшісі Ивановтарға тапсырған. Бұлар Сталин тапсырған істі біржақты ету үшін Оспан мен Моңғол елінің басшысы Чойбалсынды 1944 жылы қазан айының 5-і күні екі ел шекарасы маңында кездестірген.
Осы кездесу кезінде жоғарыдағы Сталиннен тапсырма алған адамдардың көбі болған. Сөйтіп, Кеңес Одағы Моңғолдың атынан Оспанға бірталай қару-жарақ берген. Соңында, батырға ең жоғары награда «Қызыл Ту» орденін әспеттеп ұстатады. Ошың болса, алтын сияқты жарқ-жұрқ еткен орденді салмақтап ұстап көріп: -Мынаны біздің жақта теңге дейді, мұны қатындар шылауышына тағады, мен жылтырақ тағатын қатын емеспін — деп, пеш түбінде тезек көсеп отырған әйелге. – Мә, Бәтіш қарағым, мынаны сен ала ғой, – деп лақтырып жіберіпті.
Келесі жылы көтерілісшілер Алтай аймағын Гомиданнан (қытай басқаруынан) толық азат етеді. Үш аймақ үкіметі құрылады. Үкіметтің әскери басшысы генерал-лейтенант Ысқақбек Мононов Алтайға келіп, Оспан батырға сол кездегі ең жоғары атақ «Азаттық» орденін береді. Ошың тағы да мырс-мырс күліп: «Теңге-моншақты біздің елде тек қыз-келіншектер тағады» деп әйеліне қарай лақтыра салады. Оспан неге олай етті? Өзі ниет еткен дін ислам жолындағы күресіне осындай жалған мақтан-темірлерден зиян боларын білді. Және өзінің азаматтық ұстанымын жылтырақ орденге сатпады. Сол себепті, ол алданбады.
Оспанның тарихы баяғыдан келе жатқан қазақтың танымы болатын. Мысалы, Абылай хан 1764 жылы қатын патшаның жіберген громатасын қабылдаудан бас тартып, өзіне қайтарып жіберген. Яғни, қазақтың көсемдері адамның нәпсісін бұзатын дүниеден аулақ жүрген.
«Қазақтың ТЫҢ тарихы» тобынан
ult.kz