Олжас Сүлейменов: Қазақ халқы санының өспей қалғанын өзбектерге қарап байқауға болады
Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері, жазушы Олжас Сүлейменовтің айтуынша, қазақ халқы санының өспей қалғанына экология да қатты әсер етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Мәселен, 1926 жылы қазақтың саны 6 миллион 200 мың адам болған. Сол кездегі құжаттарда қазақтар түркі әлеміндегі саны ең көп әрі ірі xалық ретінде көрсетілген еді. Ал өзбектердің саны 4 миллион болды. Енді, қараңыз, араға 90 жыл салып, қазақтардың саны 4 миллион адамға өсті. Қазір елімізде шамамен 10 милллион қазақ бар. Өзбек xалқы болса, 31 миллионға өскен. Негізі, олар да ұжымдастырудан өтті, репрессияларға ұшырады. Алайда, қазақ xалқы Семей полигоны сияқты үлкен қасіретті бастан кешірді. Оған көмір, мұнай және тағы басқа табиғат байлықтарын жабайылық әдіспен өндіруді тағы қосыңыз. Бұның бәрі xалықтың денсаулығына әсер етпей қоймады. Қазіргі жастар арасында бала таба алмай жүргендер баршылық. Ол да - бұған дейінгі экологиялық қателіктердің кесірі", - деді Олжас Омарұлы бүгін Астанадағы xалықаралық экологиялық конгресте.
Оның айтуынша, дәл осы мәселені әрбір министр, әрбір депутат естен шығармауы қажет. "Қазақ xалқының не себепті және қандай жағдайға тап болғанын қаперден шығармайтын адам ғана елге адал қызмет етіп, өз үлесін қоса алады", - деп атап көрсетті қоғам қайраткері. Осы орайда жазушы әрбір қазақстандықты бір тал ағаш егуге үндеді. Елімізде 18 миллионға жуық ағаш отырғызылса, ел экологиясы әжептәуір жақсаратын еді.