Түркістан облысы аумағында болып жатқан жағдайлар
ҚР өкіметінің сыртқы ағыс өзендерін ортақ жане қауіпсіз пайдалану үшін Стратегиялық жұмыстар істей алмай отырғаның дәлелі. Бұл жағдай тек су апаты болуымен ғана емес,келешекке үлкен экологиялық жағдайға әкелу мүмкін.
Елімізде ең Үлкен сыртқы ағыс өзені Ертіс жайлы ертеде жазылған мақаланы ұсынамын.
Posted on Ақпан 27, 2014 by kokjal83
Rate This
Судың да сұрауы бар
1.Ертіс неге есіліп ақпайды?
Өкімет халыққа су үнемдеуді Европадан үйретіп, «ыдыс-аяқ жуған суға- еден жууды үйретіп», краннан аққан әр тамшы суды алтынға балап жатқанымен , арнасы суалып бара жатқан Ертіс пен Іле туралы ойлану өкіметтің емес,тек экологтардың ғана жұмысы болып қалғаны, бізді алаңдатады.
«Судың да сұрауы бар!» дейді атам қазақ.Бірақ бүгін краннан аққан тамшылардан ақша жасап алтын сауып отырған дөкейлер,олардың сойылын соғып отырған өкімет Қытайдың алып аранына есепсіз кеткен. Ертіс пен Іленің суын сұрайтын түрі жоқ.Тек «екі елмен сыртқы өзендер туралы келісім жасалған.Қытай Іле мен Ертістің арнасының ең төменгі шегінен асырмайды!» деген шығарып салды ақпаратын таратқанымен «ең төменгі деңгей» дегеннің не екенін және сол «төменгі деңгейді» Қазақстан жағынан кімнің қалай бақылап,анықтайтынын айтатын емес.Оның есебіне арнасы суалған Ертістен қыста балықтар тұншығып қырылып,жағасы қурап бара жатқанын,Іледен қорек алатын Қапшағай мен Балқаштың аясы барған сайын тарылып,уақыт өте келе Аралдың тағдырын кешеме деген қауіпті айтып, ақпарат құралдары шулап жатыр.Қос шекараның бер жағындағы Ертіс пен Іленің жағдайын қазір Қазақстан халқы көріп,біліп отыр.Сөздің басын шекараның ар жағындағы Ертіс пен Іленің жағдайына бұрайық.
Алдымен Ертістің басынан бастайық сөзді.Ертіс өзенінің басы Қытайдың Алтай аймағына қарасты Көктоғай аталатын ауданынан басталады.Ертістің Көктоғай ауданындағы басы БалЕртіс пен ҚараЕртіс атты екі екі тармақ Алтай тауының бөктеріне түскенде ҚуЕртіс болып бір тармаққа жиналады.ҚуЕртіс -арнасы ат ағызар арынды өзен.Ал, Ақдала Алтай тауын бөктерлеген Алтайдың Шіңгіл,Көктоғай,Бурылтоғай,Алтай ауданы, Буыршын ауданы,Жеменей ауданы,Қаба ауданы қатарлы жеті Қазақ ауданды алып жатқан ұланқайыр жазық- Ақдала деп аталы.Ақдала аталуының өзі де біздің
Сарыарқа сияқты шөлейтті,суы тапшы қуарып жататына қарап қойылған болса керек.Ақдала- сан ғасырлық тарихтан бері Алтай керейлерінің күзеулігі болып келе жатқан жер.Қазақ даласын басып алған Қызыл Қытай 50 жылдан бері Ақдаладан шығатын 40- тан астам түсті металл,көмір кені,темір кендерін місе тұтпай,Ертісті бөгеп,су шығарып, аржақ-бержағына көз жетпейтін осы Ақдалаға Ішкі қытайдағы құмырсқадай қаптаған қытайларды көшіруді тездетіп қолға алды.
Сонымен Қара Ертістің суын Қытай бірінші Көктоғай ауданна қарасты әйгелі Зуқа батырдың мекені Белқұдықтың Өртең деген жерінен бөгеп,биіктігі төрт метр,енді сегіз метірлік су сіңбейтін тоған алып,Ақдалаға шығарып,оған мыңдаған қытай отбасыларын көшіріп, орналастырды. «Тың жерді игеруге келген» қытайлар бірнеше жыл өтпей, жергілікті қазақтардың күзеулігі мен көктеулігіне арналған қораларын,жайылымдарын басып алып,жергілікті халықтың тіршілік аясын тарылта түсті.Іс мұнымен бітпеді.
Араны ашылған Қытай үкіметі Қара Ертісті екінші рет Көктоғай мен Бурылтоғай ауданының шекарасынан бөгеп, жылдық су сақтау, қуаты 33.8 млрд м3 келетін су қоймасын және ГЭС салумен қатар, Ертіс суын Ақдалаға бастап, неше он мыңдаған қытай отбасыларын орналастырды.Осы жоба арқылы Қытай үкіметі Ақдаланы игеруге келген қытайларды су мен энергиямен қамтамасыз етип қана қоймай,Ертіс өзенін жер бетінен биіктігі 13 метр , жалпы ұзындығы 1240 км келетін су сіңбейтін тоған арқылы Бурылтоғай жазығынан өткізіп, Жоңғар даласына жеткенде, екі бағытқа, бірі-Батыс Оңтүстіктегі әйгілі Қарамайлы мұнай алабына,екіншісін- Оңтүстікке қарай бастап,алып шаһар -Үрімжіге жеткізіп,аталмыш қаланы сумен қамдауды жолға қойып отыр.
Алтайдан Жоңғарға дейінгі құлан жортқан ақдала,Жоңғар даласындағы қойдай өрген қоңыр аңдар, сол жердің тарихи иесі- қазақтардың жылқылары үйірімен келіп,сол тоғаннан су ішуге келгенде, тоғанға ағып, қынадай қырылуда.Ал Ертістен тоғанға түсіп,таяз жерінде қайрандап қырылған балықтар туралы айтудың өзі артық.Осылай 635 құрылыстың игілігін Қытай көріп,азабын Қазақ пен даланың қоңыр аңдары тартып жатыр.
Ертісті үшінші рет Ертісті Буыршын ауданына қарасты Қарасия деген жерден буып,су сіңбейтін тоған арқылы Бурылтоғай ауданына қарасты Үліңгір көліне құйып жатыр.Ал, басы- Алтайдың Монғолия жақ теріскей бетінен Бұлғын өзені деп басталып,Алтайдың күн бетіне жеткен соң Үліңгір өзені деп аталып,Буырлтоғай ауданындағы Үліңгір көліне құятын Ертістің бір сыңары-Үліңгір өзенін де Шіңгіл,Көктоғай,Бурылтоғай қатарлы үш ауданнан неше жерден су қоймаларын салып,су сіңбейтін тоғандар арқылы Үліңгір бойындағы шөлейтті даланы ашамыз деп,ақыры Үліңгір өзенінің түбіне жетіп тынған еді.Үліңгір өзенінің тартылуы салдарынан Үліңгір көлі аталған алып айдынды көл тартылып,Бурылтоғай ауданы халқы тұзды боранның астында қалған.Осы жағдайды шешу үшін Қытай үкіметі бір өзенді бір өзенге қотарып,Ертіс өзеннің сыртқы ағыс өзені екеніне,өзенді пайдаланудың халқаралық ережелеріне пысқырып та қарамай,ойына келгенін істеуде.Жоғарыда аты аталған үш құрылыс- мемлекеттік дәрежедегі жобалар.Ал осы үш құрылыстың арасында ондаған су қоймалары мен ГЭС- тер туралы айтудың өзі артық.
Жоғарыда аталған үш ірі мемлекеттік дәрежелі үш жобаның салдарынан Қытайдан келетін Ертіс өзенінің суы жылдан-жылға,күннен- күнге азайып,Ертіс жағасында экологиялық апаттардың қауіпін күннен- күнге ауырлатып отыр.Ертіс өзені- үш елге ортақ халқаралық өзен болғанымен,Ертісті Қытай өз қалауынша сырапшылдықпен пайдаланып жатса да оған қарсы нақты шаралар қабылданғанын көріп отырған жоқпыз.Ал Ресейді қазірше Ертіс жағдайы алаңдата қоймайды,себебі Ертістің Ресей елінен өтетін бөлігінде Ертіске құятын өзендер көп,су қоры мол,суға деген қажеттілік аз .Өйткені халық қоныстанбаган иен жер. Сондықтан да Ертістің зардабын шегіп, азабын қазірше тек Қазақстан ғана тартады.Қытайдың бассыздығына тосқауыл қойып,Ертісті үш елдің ортақ,заңды пайдалану жолын тауып,Ертіс суын бақылауға алмаса Қытай тұс-тұсқа жырып алып,арнасы таязып,жылап аққан Ертіспен бірге бізде жыларармыз бір күні. Ертіс енді есіліп ақпайды…
суретте:Қарамайлы қаласына жеткен ертіс өзені
келесі мақалада Іле өзені жайлы әңгіме өрбітеміз....
(Серік Мұратхан. Көкжал блогынан)
Serik Kerey
Фейсбуктегі парақшасынан