Елдің ықыласы мен алғысына бөленген дәрігер

Еліміз көк байрағын желбіретіп, тәуелсіздік алғаннан кейін шетте жүріп атамекенін аңсаған қандастарымыз лек-легімен тарихи отанына ағылып келе бастады. Ұлы дала төсінен тамыр тартып, қилы кезеңдерде әр тарапқа тарыдай шашыраған бауырларымыз Қазақстанның тәуелсіз ел болған тарихи сәтін сарыла күткен еді. Осынау ел мерейін өсірген ұлы көште небір білікті де білімді, қазақтың атпал азаматтары ат басын атажұртқа бұрып, туған жердің қасиетті топырағына табан тіреді. Тарихи Отанын сағына жеткен олар шетте жүріп жинаған мол тәжірибесі мен өнерін, қажыры мен қайратын тәуелсіз еліміздің дамуы жолында жұмсап келеді. Осындай айтулы мамандардың бірі жоғары білікті уролог дәрігер, «Медицинский центр Шығыс» жеке клиникасының басшысы Ершат Ахметбекұлы.

Ершат Ахметбекұлы - хирургиялық урология саласындағы жазылуы қиын, күрделі және созылмалы ауруларды емдеу мен анықтауда мол тәжірибе жинақтаған дәрігер. Айтулы маман ретінде ем іздеген жандардың дертіне дауа, ауруына шипа беріп денсаулық саласындағы өзінің дара жолын жалғастырып келеді. Оның жеке емханасы бүгінде Қазақстан жұртшылығына кеңінен таныс. Өйткені ол бүйректі алмастыру, қуыққа ота жасау, қуықты ауыстырып салу, бүйрек обырын радикалды емдеу, простат обырын толық емдеу, бүйрек безінің әртүрлі ісігіне ота жасау, қуық жолындағы мүйізденген тастарды алу, жыныс мүшелерінің пластикасын реттеу және қайта қалпына келтіру, урологиялық жүйедегі ісіктер мен тастарды (бүйрек обыры, қуық обыры, еркектік без обыры) инвазиялық әдісті қолдана отырып, хирургиялық жолдармен емдеуді жетік біледі. Одан бөлек, несеп жолы, қынап ақаулары, жасырын жыныс мүшесі, жыныс мүшесінің сколиозы оталарын сәтті жасаумен ерекшеленеді. Жыныс мүшелері күре тамырларын қалпына келтіріп, бедеулік және өзге де микрографикалық хирургиялық ауруларды емдеп жазады. Сонымен қатар, ол жыныс мүшесі протезі отасын меңгерген. Міне, осындай біліктілігінің арқасында ел алғысына бөленген жанның денсаулық саласын дамытуға қосқан үлесі мол, болашақта да атқарар ісі зор деуге болады.

Ершат Ахметбекұлының еңбек және білім жолы үздіксіз ізденістерге толы. Сондықтан оның өмірбаяны, атқарған істері ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Ол 1965 жылы мамыр айының 17-жұлдызында ҚХР, ШҰАР, Үрімжі қаласында дүниеге келген. 1973-1978 жылдары Үрімжі қаласындағы №17 бастауыш мектебін, 1978-1984 жылдары Автоном райондық тәжірибелік орта мектебін толықсыз және толық орта мектептерін үздік нәтижемен тәмамдады. 1984-1989 жылдары Үрімжі қаласындағы Шыңжаң медициналық университетінің клиникалық медицина факультетін «клиникалық медицина» мамандығы бойынша бітірді. 1989-2007 жылдары Үрімжі қаласындағы Шыңжаң медициналық университетінің Бірінші емханасының урологиялық бөлімінде жұмыс істеді.

Осы жылдарда Ершат Ахметбекұлы дәрігерліктен бөлек, студенттерге урология саласынан дәріс берді. Сол уақыт аралығында, яғни, 1990 жылы дәрігер, 1996 жылы аға дәрігер, 2003 жылы бас дәрігердің орынбасары (доцент) сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Ол жасаған оталардың барлығын сәтті аяқтап, бiлiмдiлiгi мен бiлiктiлiгiн мойындатып, жас маман ретінде өзін таныта білді. «Қытай Халық Республикасы медициналық зерттеу қоғамының», «Шыңжаңдағы Урологиялық Хирургия зерттеу қоғамы» және «Шыңжаң андрологиялық ассоциясының» мүшесі болды. 1999 жылдың екінші жартысында Си-Ань медициналық университетінің трансплантация орталығында білімін жетілдірді.

ҚХР мемлекеттік басылымдарында 5 ғылыми мақала жариялап, оның бірі бірінші дәрежелі мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Осы «罗扰素加丝裂霉素腔内灌注预防浅表性膀胱癌术后复发的前識性研究» (Опе­ра­циядан кейінгі қуықтың қатерлі ісігінің қайталануын болдырмау үшін Расселл мен Митомициннің перфузиясын болжамды зерттеу) атты мақаласы «中华医学优秀成果文选» (Қытай медицинасының көрнекті жетістіктері туралы таңдаулы еңбектер) жинағының 3 томының 2 баспасында 2004 жылдың ақпан айында жарық көрді және де «Отбасы және денсаулық» журналының №8 (152) санында орыс тіліне аударылып, жарияланды.  

2007 жылы атажұрты Қазақстанға өз ұлтына қызмет етіп, тәуелсіз еліміздің денсаулық сақтау саласына үлесімді қоссам, перзенттік парызымды атқарсам деген ізгі ниетпен отбасымен бірге көшіп келді. Елге келген бетте дәрігерлік қызметін бірден жалғастырып әкетті. 2007-2010 жылдар аралығында «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, урология-трансплантация бөлімінде жұмыс атқарды. Осы уақыт  аралығында ізденімпаз маман өз білімін одан ары жетілдіріп көптеген ғылыми-тәжірибелік курстарға қатысты. Атап айтсақ, 2007 жылдың 3 қаңтары мен 28 желтоқсаны аралығында А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығында Адам бөлшектері мен ткандерін ауыстыру  мамандығы бойынша 350 сағат көлемінде біліктілігін арттырды. 2009 жылы 5 қаңтар мен 3 наурыз аралығында РМҚК АМДБЖИ жанында Урологияның жалпы сұрақтары циклы және Урология мамандығы бойынша 318 сағат көлемінде білімін жетілдірді.

2011 жылдың 16 қарашасында ЖК «Медицинский центр Шығыс» жеке клиникасының жұмысын бастап, бүгінге дейін сәтті жалғастырып келеді. Жеке емхананың жұмысын жолға қоя жүріп, медицина саласындағы ғылыми жетістіктерді меңгеру мақсатында бұл уақыт аралығында да көптеген даярлықтардан өтіп, біліктілігі мен білімін арттыра түсті. Нақты айтсақ, 2015 жылғы 12 қазан мен 24 қазан аралығында Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде Репродуктивті хирургиялық андрология мамандығы бойынша 108 сағат көлемінде кәсіби біліктілігін жетілдірді. Ал, 2017 жылдың 1 тамызынан 25 желтоқсанына дейін Үздіксіз білім беру институтында Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, трансплантология, абдоминалды хирургия т.б.) мамандығы бойынша 1080 сағат көлемінде қайта даярлықтан өтті. 2018 жылғы 8 қаңтар мен 7 маусым аралығында Үздіксіз білім беру институтында Урология және андрология мамандығы бойынша (ересектердің, балалардың) 1080 сағат көлемінде қайта даярлау курсына қатысты.

Маман-хирург жылдар бойы урология саласын жетілдіруге үлес қосу мақсатында бірнеше оқулықтар жазып, зерттеу ісімен айналысып, жауапты да нәтижелі жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, денсаулық мәселелерін көтерген мақалалары мерзімді басылымдарда үздіксіз жарияланып келеді.

Мәселен, «Отбасы және денсаулық» журналының 2014 жылғы №6 (150) санында «Жас қырықтан асқанда...» және «Қуық түбі безі» атты мақалалары жарық көрді. Ал, Айқын газетінің  2014 жылғы №176 нөмірінде «Жас қырықтан асқанда әл-қуат кеміп, ұйқы қашады» атты мақаласы жарияланды. «Отбасы және денсаулық» журналының №8 (152) санына «Преспективное исследование послеоперационного рецидива поверхностного рака мочевого пузыря путем вливания Роферона и Митомицина в мочевой пузырь» атты мақаласы басылды. «Адам және дәуір» ғылыми-танымдық журналының 2015 жылғы №11 басылымында «17 случаев инфекции вокруг почек» атты мақаласы жарияланды. «Отбасы және денсаулық» журналының 2015 жылғы №4 (159) санына «Опыт о операционном лечении уретральной трещины» атты мақаласы шықты.

Бұл ізденімпаз дәрігер жазған еңбектердің бір шоғыры ғана. Оның урология мәселелерін көтерген зерттеу еңбектері көптеп саналады. Ғылыми ізденіс пен дәрігерлік қызметті тең ұстап, қатар алып келе жатқан мамандар қазіргі таңда санаулы ғана. Бүгінгідей ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда, уақыт ағымына ілесіп өзін-өзі дамытып отыру, денсаулық сақтау саласының мамандары үшін таптырмас қасиет. Ершат Ахметбекұлының бойында нағыз ғалым-дәрігерге тән осындай қасиеттер тұнып тұр десек артық айтқандық болмас.

Ол 30 жыл бойғы үздіксіз еңбегі мен жинаған тәжірибесінің арқасында урология саласының білгіріне айналды. Жеке клиникасын ашқаннан бастап, бүгінгі күнде дейін 20000-30000 шамасында науқастарды емдеп, перзент сүйе алмаған отбасылардың сәбилі болуына жәрдемдесті. Қазіргі таңда өте түйткілді мәселелердің біріне айналған ұрпақ көре алмау, белсіздік, әлсіздік (жыныс мүшесінің әлсіреуі), қуық безінің созылмалы қабынуы (простатит) сынды ауруларды емдеумен айналысатын бірегей маман. Алдына келген әрбір науқасқа ерекше көңіл бөліп, біліктілікпен емдейді. Ершат Ахметбекұлының есігі науқасы жанына батып, ауруына шипа іздеген жандарға  әрдайым ашық. Байланыс нөмірі: +7 (701) 176 09 00.  Дәрігердің қабылдауына  uro-androlog.kz сайты арқылы 20 пайыз жеңілдікпен жазылуға да болады. 

Дәрігерлік антына адал азамат әр емделушіге тек денсаулық жағынан ғана көмек беріп қоймай, материалдық жағдайларын түсініп, қолы қысқа жандардың бірін тегін, бірін жеңілдікпен емдеп, науқастардың разылығы мен алғысына, ыстық ықыласына бөленді. Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, қоғамның дамуына барынша ықпал етіп, ел мерейін өсіріп, халық денсаулығын сақтау жолында өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан осындай айтулы мамандардың, білікті де білімді атпал азаматтардың еңбегі қашанда бағалы. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста