Еділден қашқан қалмақтар

«Мэнгу юму цзи» атты қытай тарихи шығармасында Еділ қалмақтарының негізін құраған торғауыттарда 1771 жылы орын алған саяси күрделі жағдай төмендегідей баяндалған: «Торғауыттардың Россиядан – Жоңғарияға дейінгі сегіз айға созылған ұзақ сапары кезіндегі суықтан, аштықтан, әсіресе Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауына жататын даладағы қырғыздар (қазақтар) мен буруттардың (қырғыздар) шабуылдарынан қатты шеккен зардаптарынан аман қалғандары, аянышты халде Ілеге жетіп, өздерінің осы аймақтың иелері боламыз деген ойларына алданып, Қытай қол астына тәуелді болуға мәжбүр болды». Осы оқиғаның қалай орын алғандығы жайлы дереккөздер негізінде қысқаша тоқталып өтсек.

Еділдің төменгі ағысының оң және сол жағасындағы жайылымдық жерлерді жайлап, көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан қалмақтар құрған «Қалмақ хандығы» (1664-1771 жж.) жүз жылдан біраз ғана артығырақ уақыт өмір сүрді. Көшпенді өмір салтын ұстанғандықтан хандықтың әкімшілік орталығы, хан ордасымен бірге жылжып, көшіп отырды. Қалмақ ханы Аюкенің басқа ел билігіндегі тұлғалармен арадағы кездесулері соған байланысты көшу аймағының түрлі жерлерінде орын алды. Малдың қамын ойлаған қалмақтар қыста Еділ мен Ахтуба өзендері арасындағы қары аз түсетін жайлы жерлерді қыстаса, жазғасалым Еділдің сол жағалауына өтіп, Жайықпен екі арадағы шалғынды жерлерді жайлайтын.
1735 жылы қалмақ ханы Дондук-Омбо орыс патшалығына сенім артып, қол астына қарайтындығы жайлы антын Царицынның оңтүстік-батысындағы «Россошах» шатқалында қабылдады.
Аталған хандық қалмақтарының үлкен бөлігінің 1771 жылдың қаңтар айының басындағы қақаған аязбен, ақ қар - көк мұзға қарамастан жүз сексен мыңдай жанының Убашидің бастауында оңтүстік-шығыстағы Жоңғария жеріне қарай жөңкіле қашуларына итермелеген жағдайлар жайлы ресейлік ғалым М. А. Очир-Горяева: «ХVIII ғасыр ортасынан бастап қалмақтар патша билігі тарапынан аймақтық шектеулерді сезіне бастады. Емін-еркін көшіп жүруге кедергі жасаған территориялық қыспақтар және саяси ықпалдар – міне осы жағдайлар, қалмақтардың жасырын жайылымдарын тастап, қашып кетулеріне мәжбүрледі» – деген ойын білдіргенді.
Қалмақтарға қолайсыздық туғызған жағдайлардың қатарына: Еділдің бойын бойлай салына бастаған отырықшы казактардың қалашықтарымен, тұрғын-жайларының көшіп-қонуларына кедергі келтіруі, 1769 жылғы патшалы Россия билігінің қалмақ хандығының аймақ басшысы Убашиден түріктермен арадағы туындаған соғысқа (1768-1774 жж.) жиырма мыңдай қарулы қалмақ беруін талап етуі т.т жатады.
Олардың жоғарыда айтылғандай күрделі де, қатерлі алыс сапарға шығуларына шешім қабылдауларына жетелеген жаңсақ ой, Жетісу жері Іле өзенінің жоғарғы ағысы бойындағы бұрындары торғауыттардың рулық көшу аймақтары болған жайылымдық жерлерінің Циндіктердің Жоңғар хандығын түбегейлі талқандауынан кейін, иесіз бос жатқандығын естігендіктен, сол жерге оралып, тәуелсіз дербес ойрат мемлекетін құру болған.
Қаңтардың басында жылжыған қалмақтар, аталған айдың ортасына таман Жайықтан өтіп, екі жарым ай шамасында Батыс Қазақстан жері үстімен жүріп отырып Ембі өзеніне таянған тұста олармен алғашқы болып, Кіші жүз қазақтарымен арадағы қарулы қақтығыстар орын алады. Одан ары олар Мұғаджар тауларын басып өтіп, Ырғыз және Торғай өзендерінің жоғарғы жағымен жүріп отырып, соңында аталған аталған өзеннің саласымен Сарысу өзеніне қарай төмендейді. Балқаш көлінің батыс жағалауына қарай бағыт алған қалмақтар Бетпақдала шөлін сәуір айының басымен, маусым айының орталығы аралығындағы уақытта күрделі жағдайда жүріп өтеді. Аталған қу тақырдан өтерде малға азық, ішерге су таппағандықтан, жол-жөнекей көптеген мал-жандарын шығындаған олар, шөлден әбден қаталап қиналғандықтан «жылқы мен ірі-қара малдарының қанын ішіп, нәтижесінде оба індетінің етек алуына ұрынады».
Оларды Мойынты өзенінің маңында Нұралы хан және Абылай мен Әбілпейіз сұлтандардың басшылық етуімен үш жүздің қазақтарының біріккен қолы қуып жетіп, қоршауға алады. Қашқын қалмақтар аталған жағдайға байланысты оларға қарсы соғысуға тұрады.
Абылай ханның бірінші қараша 1771 жылы генерал-майор С. К. Станиславскийге осы шабуылдың нәтижесін баяндауы төмендегідей: «Мен үш ұлым, төрт ағаммен бірге сатқындық жасаған қалмақтарға қарсы қарулы қолыммен аттанып, соғыс аштым. Біздер олардың бес мыңдайын өлтіріп, он мыңдайын тұтқындадық. Одан бөлек қалмақтардың көпшілігі аштан қырылып, жиырма мыңдайы біздің әскерімізден қуғынға ұшырады. Соңында аман қалған он мыңдай түтіні Қытай қол астына қарап кетті».
Убаши қарамағындағы талай қалмағынан айырылғандығына қарамастан, қоршауды бұзып шығып оңтүстік-шығысты бетке алып, Балқаш көлінің батыс жағалауымен жүріп отырып Алакөлге жетеді.
Әбден сүлелері құрып, титықтап келе жатқан олар «Ит ішпес Алакөлдің» ащы суын өлермендікпен баса тармағай бас көтермей ішіп, тағы да жаппай қырылуға ұшырайды. Аман қалған торғауыттар одан ары жылжып Шу-Іле тауларына табанын тірегенде, енді оларды қарулы қырғыз сарбаздары тосып алып, ойран салады.
Қаншама қиындықты артқа тастап, Қызөткел өткелі арқылы Іледен өтіп, аталған өзеннің оң қапталындағы Тамға шатқалында орналасқан пұтқа табынушылардың 1677 жылдан бері киелі орны болып табылатын «ашық монастырге» келіп жеткенде, оларды қытай жылжымалы қарауылдары қатқыл қабақпен алдарынан қарсы алады. Аталған ғибадатханадағы тасқа қашалып салынған түрлі буддалар келбетіне тәуеп етіп, жандарына жәрдем сұраған олардың бірі, тегіс жартастың бетіне жаңа қоныстарында «ұзақа созылар тыныштық бере көр» - деген мағынадағы пұттарына жалбарынған он бір қатардан тұратын жазбасын ойрат жазуымен жазып қалдырады. Іле өңіріндегі Цин әскери қолбасшысы Убашидің Тамға шатқалына жеткендігін естіп, олардың бұл жүрісінің мәнісін біліп келуге жоғары дәрежелі үш өкілін сардарларымен бірге жібереді.
Жеті күн аралығында ары қарай қандай шешім қабылдау керектігі жайлы ламалары және тайшыларымен кеңескен Убаши, манчжур лауазымды тұлғаларына өздерінің енді Цин императоры қол астына қарауға келіскендіктерін мәлімдейді. Император Жэхэ оларды жойылудан аман қалған жоңғария ойраттарымен араластырып, кішігірім топтарға бөліп, ара қашықтықтарын алшақтатып, бұрынғы Жоңғар хандығы жеріне бытырата орналастырады.
Орталық Азия аймағындағы «екі мемлекет арасындағы жерлердің шекарасын нақтылау барысында» Ресей мен Циндік Қытай арасындағы Пекин (1860ж.), Петербург (1881 ж.) жүргізілген келісімдерге байланысты, кейіннен Шәуешек (1864 ж., 1883 ж.), Бұратала (1882 ж.) және Қашғар (1882 ж.) хаттамалары негізінде олар Ресей империясы құрамына қосылып, Семей облысы Зайсан уезі Дала генерал-губернаторлығымен, Түркістан өлкесінің Жетісу облысы, Жаркент уезі құрамына енгізіледі.
Олардан қалған тарихи-мәдени мұралар қатарына 1870 жылдарға дейін қызмет атқарған Шығыс Қазақстан жеріндегі Маңырақ қырқасының солтүстік беткейіндегі жоталардағы пұтқа табынушылардың сыйыну орындарының қирандылары, Рахман қайнар бұлағы маңындағы салынған храм орны және Текес өзенінің ортаңғы ағысы бойындағы Шаартас тауының етегіндегі Сүмбе (сумэ-моңғолша, монастыр) ауылының маңындағы ғибадатхана орнының үйіндісі т.т жатады.
Еділ мен Жайық аралығынан алыс Жоңғарияға сапар шегіп, жол-жөнекей көшпенді көршілерімен арадағы қақтығыстардан, түрлі ауыру-сырқаулардан, аштықтан аман қалып Тамға шатқалына шекті аман жеткен торғауыттардың саны қазіргі заман зерттеушілерінің жүргізген есебі бойынша жетпіс бес мыңдай жанды құраған.
Ал Еділ қалмақтарының соңғы ханы болып табылатын Убашидің бастауымен үлкен бөлігінің Жоңғария жеріне қайтып оралуларынан соң, олардың тобына ермей қалған қалмақтардың жағдайлары тіптен қиындай түседі. Орыс патшасы қалмақ жерінің үстінен қарайтын негізгі меншік иесі өзі болып табылатындығын ескертіп, хандық басқару жүйесін түбегейлі жойып, отарлау саясатын тереңдете енгізеді. Қалған қалмақтардыңда алдыңғыларының соңынан қашып кетулерінен сақтанып, Еділдің сол жағасындағы шалғынды жерлерге қарай өтулеріне мүлде тыйым салып, аталынған аймаққа жағалай әскери бекіністер салдыртады.

Бұл мақала И. В. Ерофеева, М. А. Очир-Горяева сынды ғалымдардың ғылыми еңбектері негізінде жазылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста