Аттила туралы ақиқат әлі толық ашылған жоқ

1. Аттила – б.з.б. ІІІ-І ғасырларда Азияны дүр сілкіндіріп, ұлы Қытайды жеңген хұн-түркілердің ұрпағы. Ғұн державасы ыдырағанда халқы төртке бөлінді. Бір бөлігі сәнбилерге бағынып, қазіргі Моңғолия даласында қалды. Шығыс бөлімі қытайларға кірме болып кетті. Үшінші бір бөлімі Хазар (Каспий) теңізіне дейін шегініп, Арал мен ¬Каспий аралығын мекендеп қалды. Төртінші тобы Алтайдан шығып, батысқа бет бұрады. Жолында көлденең тұрған жауларына дес бермей соғыса жүріп Еділ, Жайыққа келіп тұрақтайды. Аттила – осы топтан шыққан әйгілі тұлға. Еділге жетіп тұрақтаған бұл топ 200 жыл емін-еркін өмір сүрген. Аттила – 360 жылдары аландармен болған шайқастарда ерлігімен танылған Баламир ханның бесінші ұрпағы. Баламир ханның ұлы Жұлдыз хан, одан Қаратон хан, одан Мәншүк хан. Аттила 410 жылы дүниеге келген Мәншүк ханның бес ұлының бірі. Аты Еділ дариясымен байланысты. Аттила заманы тарихшыларының жазуы бойынша, ол орта бойлы, шымыр денелі, отты көзді, қайсар мінезді, көреген, батыр адам болған. Аттила 434 жылы хан тағына отырады. Ол билеген уақыт еуропалық хұн мемлекетінің шарықтау кезеңі болды. Дон-Днестрден Дунайға дейінгі Ұлы дала жұртын бағындырып, Шығыс Рим державасымен қанаттас жүреді. Ел ордасын Паннонияға көшіреді. Римді екі мәрте шабады. 447 жылы Константинопольге шабуыл жасап, жеңіске жетіп, «Анатоли шарты» арқылы римдіктерден алтыннан алым-салық алып тұрады. Бірақ 451 жылы Каталаун даласында Батыс Рим және оның одақтастарының біріккен қолымен болған ұлы шайқаста шегінуге мәжбүр болған. 453 жылы Аттила дүние салғаннан кейін еуропалық хұн мемлекеті әлсірейді. Алайда бүгінге дейін еуропалықтар арасында Аттиланың аты аталғанда «жылаған бала уанатын» күйге жететінін айтып отырған. Өкініштісі, арада 16 ғасыр өтсе де, нағыз аты аңызға айналған тұлға болса да, Аттила туралы ақиқат толық ашылған жоқ.
2. Орта ғасырдың заңы солай болды ма, Аттила өте көп әйел алған деседі. Ең соңғы махаббаты оның басына қасірет әкелді. Бургунд ханының жесірі Ильдико сұлумен некелескен алғашқы түні ол көз жұмады. Күйеуінің өліміне қапаланып өшіккен әйел не оның сыртынан кездік ұрған, немесе некелесу рәсімінен кейін ұйқыда жатқанда біреулердің көмегімен буындырып өлтірген. Бұл – тарихтағы бірінші оқиға емес, Шыңғыс хан және Қидан билеушісі Елюй Дашидың мұрагер ханзадасының да басынан өткен қайғылы жағдай. Әйгілі тұлғаны жерлеу рәсімі де құпия жағдайда өткен. Аттиланы жерлеу үшін алтын, күміс және темірден үш табыт жасалған. Марқұмның денесін үш табыттың қайсысына салғанын ешкім білмеген. Үш табыт түнде үш жаққа жөнелтіліп, жер қойнына тапсырылған. Аттиланың жерленген жері туралы түрлі болжамдар бар, бірақ бұл құпияның сыры әлі күнге дейін ашылмады. Мұндай құпиялық Шыңғыс ханның кезінде де қайталанды. Аттиланың қарсыластары мен түрлі елші-жаушылар Аттиланың алдында түрікше сөйлеуге тырысқан. Нәтижесінде үй, орда, ат-көлік, сауыт-сайманға қатысты біршама атаулар еуропа тілдеріне енген. Тек роман-герман тілінің говорында түп-төркіні түркіден шыққан 800 сөз бар көрінеді. Ол түрікше сарындағы ән-күйді сүйіп тыңдаған деседі. Балаларының атын Теңіз, Өрнек, Эллақ (Лақ) қойыпты.
3. Аттила Шығыс Рим империясы, Солтүстік Италия, Византияға қарсы ұлы жорықтар жасады. 447 жылы Шығыс Рим астанасы Константинополь үшін болған шайқастың тарихын жоғарыда айтып өттім. Бір жағынан, Аттила, екінші жағынан, Рим әскери қолбасшысы Аэцийдің құрама күшімен болған шайқаста Аттила ауыр жеңіліске ұшырады деп жазады. Іс жүзінде ешқайсысы жеңбеген, қантөгісті одан ары жалғастыру қажет болмағандықтан Аттила шегініп кеткен, ал Аэцийде олардың соңынан түсетін қауқар қалмаған. Аттила өлгесін 554 жылы еуропалық хұн державасы ыдырады. Бірақ осы жеңіс, жеңілістерден кейін римдіктер өзара қақтығысқа түсті. Император Валентиниан 454 жылы қабылдау кезінде Аэцийді өз қолымен өлтіреді. Мұны римдіктер «Император оң қолымен өзінің сол қолын кесті» деп бағалады. 455 жылы бүлікшіл король Гензерих Римді басып алып, қаланы талан-таражға салды. Римдіктер Аттиламен болған 12 жылға жалғасқан соғыста әлсіреп қалды. Ақыры 476 жылы Батыс Рим империясы құлады. Алайда Аттиламен болған соғыстарда шығыстың соғыс өнерін игеріп алған. Шығыс римдіктер Аттиладан кейін мың жылға жуық уақыт салтанат құрып, ақырында тағы да түріктерден жеңілді. Сөйтіп, көшпенділердің атүсті қаһарман шабуылын шығыс жұрты (Қытай) тас қамал тұрғызу арқылы тоқтатпаққа әрекет жасап бақса, батыс ХVІ-ХVІІ ғасырларда зеңбірек деп аталатын ұлы мылтық жасалғанға дейін төтеп бере алған жоқ.
altyalash.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста