Екі құрлықты және бүкіл Кавказ пен Қырымды жаулап алып, өз билігін орнатқан, Ортаазиялық қала Самарқанды билік орталығына айналдырған түркі елінің, соның ішінде қыпшақтың көшпелі жұртынан шыққан даңқты император Темірлан (әмір) қаншама жорыққа шыққанымен ешуақытта жеңіліс дегенді білмеген. Әскери шеберлігі оны тарихта ұлы тұлға дәрежесіне көтерді. Дүние дөңгелек деген сол ғой, Шыңғысхан аса ірі тайпа Наймандарды жеңіп барып (оның өзінде де Жамуғаның сатқындығы болмағанда) бүкіл жер бетінің үштен екі бөлігін жаулап алды. Наймандарды жеңе алмағанда не болар еді? Ол әрине, бір Аллаға аян!
Кейіннен бірнеше ғасыр өткен соң, сол Найманның барлас руынан шыққан Темірлан Шыңғысханның немересі Батыл (Бату) орнатқан Алтын орданы бірнеше рет күйрете жеңді және күйретіп тынды десек артық айтпағандық болар еді. Зерттеуші ғалым әрі жазушысы Хилда Хукхэмнің «Темирлан –повелитель тюрков» атты құжатты тарихи повестін оқып отырып, оның әскери құрылымы Шыңғысхан әскерінің құрылымынан аумай қалғандығын және кем түспегендігін, сондай-ақ, негізгі әскери күші тек көшпелі халықтан тұрғандығын оқып отырып көп нәрсеге көз жеткізесің. Орыс жазушысы С.Дёминнің «Баязит» романын толықтай оқып шықсаң да Темірланның кім екенін анық түсінесің. Тіпті Хилда Хукхэм жазып отырып былай дейді:
– «Военная сила, которую создала централизованное государство и которая служила инструментом деспотизма Тимура, основывалось сначала на кочевниках- это были главным образом всадники, искусные стрелки из лука. Это была военная сила, основанная на организации и традициях орд Чингиз хана и ни в каком отношении не уступала им. Многие свидетели описания главных черт новой военной организации, среди них католические послы подобно Карпинин Рабруку, венецианские торговцы Поло, Джувэйни, шейх и Танжера Ибн Батута и другие».
«– Орды Темрлана, тюркские по своему происхождению, хотя отнюдь не чингизского клона- составляли главную силу Тимура, а сердцевину и руководящее ядро составляли представители его собственного племени Найманов из его рода Барласов.»
«После обоза шли семьи кочевников с их стадами, телегами и кибитками.
В перерывах между службой или сражениями кочевники – войны присоединялись к своим хозяйствам и продолжали свою семейную жизнь, как обычно».
– Осыны осылай оқи отырып, Темірланның ең негізгі күші көшпелі елдің сарбаздарынан тұрғандығын білесің және әскери құрылымның дәстүрі де, ұстанымы да, тәртібі де Шыңғысхан жасағынан аумай қалғандығын, сондай- ақ әскері тек түркілерден әсіресе соның ішінде қыпшақтардан тұрғандығын ұғынасың.Тек, орталығы етіп Ортаазиялық Самарқандты таңдап алды демесең, нағыз көшпелі елдің империясы.
Когда Тимур призвал свой народ к войне, писал Клавихо собирались все, включая жен и детей, и выступали с ним, окруженные стадами.
«Никто никогда не отделяется от своих стад. Эти идут с ними вместе на войну, перемещаясь с одно места на другое. При этом женщины, которые имеют маленьких детей, везут их в маленьких колыбелях, а когда женщины едет на лощади, она кладет ребенка на переднюю луку седла. Имелись также в его (Тимура) армии много женщин, которые вмешивались в рукопошные схватки в самых жестоких боях и боролись с мужчинами и сражались с храбрыми войнами, одолевали мощные орды в сражениях ударами пик, собель и стрельбой стрелами».
Атқа мініп үйренген, ерлерімен тізе қосып соғысып жаттыққан, көнбіс қазақтың қыздары мен әйелдері болмаса, қай халықтың соның ішінде отырықшы елдердің (оседлых) әйелдері мұндай жорықтарға төзер ме еді? Ешуақытта! Темірлан қаншама жорыққа шықса да, ешбір елдің әскерінен жеңілмеген. Үйретілген сарбаздар мен олардың әйелдері қарсы жауға бой бермеген ғой. Әрі Темірланның соғыс тәсілі мен оған асқан соғыс шеберлігін, дәлдігін қосыңыз.
Бірақ осы ұлы империяның қате басқан, соғысты кімге қарай бағыштағанын да бізге дұрыс талдай білуіміз қажет-ақ.
Ең бірінші Темірлан империясы өзінің қандастары құрған Алтын орданы үш рет соғысып жеңіп, қиратып тынды. Русь пен Еуропаның біраз бөлігін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған, қаншама ғасыр бодан болып келген елдер азаттығын алып кетті. Әрі олар мемлекет болуды үйреніп бір орталыққа, бір патшаға бағынуды түсінген еді. Онсыз күндері қараң болатынын білген.
Русь, Алтын орданың басып алған бүкіл жерін иеленіп кетті. Ілдірім Баязит үстемдік жүргізіп тұрған Түрік империясын (Молнияносный Баязит) бір жорығында тас-талқанын шығарды. Соққының қатты болғаны сондай қанды қырғыннан бүткіл әскерінен айрылып қалған Ұлы түрік қағанаты 50-60 жыл көтеріле алмады.
Кәрі құрлық іштей терең демалып бостандыққа шығып кетті. Бірақ жарты ғасыр салып бар Осман түріктері қайтадан етек-жеңін жиып, күшейіп, айналасын басып ала бастады. Дүниенің үштен-екі бөлігін билеп тұрған қайран түркілер, жер шарында бір билеуші болуы керек деп, бірін-бірі алып ұрды. Неткен саяси қателік десеңші! Тілі бөлек, діні жат, дәстүрі басқа ел есебінен өсіріп алып, қалай билік жүргізуді, әскерді қайтіп құруды, соғысты қандай әдіс-тәсілмен іске асыруды үйреніп алып, Алтын Орданың қайта тұруына ерік бермеді. Кейіннен Осман империясыныңда ірге тасын босатып, әлсіретіп құлатты. Түркі империялары (Алтын Орда болсын, Шыңғыс хан немесе Осман түріктерінің империясы болсын) басып алған халықтарды қырмай, тек алым-салық жинап отырса, билікке шыққан діні бөлек басқа жұрттар, бұларды өсірмей жүйелі түрде қырып келді. Табанға салып, мемлекет бола алмайтындай жағдайға жеткізді. Құлдық тіршіліктіктің қамытын мойындарына ілді. Сол кезеңдерден кейін, бүкіл түркілерден тек түріктер ғана мемлекет құра алды. Екі империяны ұрып жыққан және Үндістанды, басқа да араб елдерін, көптеген жұрттар мен ұлыстарды жаулап алған Ұлы Темірлан енді саны өсіп, жерін кеңейте бастаған Қытайды талқандауды межеге алды. Бірақ бұл мақсатына жете алмады. Кезінде ата-бабалары қазақ жерінен келген, Найманның барлас руынан шыққан ұлы имперетор шүршіттерге жорыққа аттанып бара жатып, Отырардың түбіне келіп көктемгі суықтан өкпесі қабынып мерт болды. Империяны таратпай ұстап тұратындай, Шыңғысхан сияқты артына өсиетнама жазып қалдыра алмады. Сол замандарда алмас қылыштары жарқырап тұрған қыпшақ – қазақтың ержүрек азаматтары-ай дейсің ішіңнен өкініп.
Ел-жұртты қамшының тасбауындай өріп, ұйымдастыра білген, білікті, соғыстың сан түрлі қырын жетік түсінген ұлы қайраткер Темірлан, осы империяларды құрған бір тіл, бір әдеп-ғұрыптағы ел екенін түсіне алмай кетті- ау. Алла тағалам жар болып, кейінгі ұрпақтары қазақтардың сондай-ақ, түркі елдерінің дүниеге келтірген мемлекеттерін сақтап қалсын дейміз.
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Ұржар ауданы,Шығыс Қазақстан облысы