Әншілерді жалдап, соларға баланың тұсауын кестіріп, қызды шығарып салғызу дұрыс емес – Ырза Тұрсынзада

 Ырза Тұрсынзаданың пікірінше, әншілерді жалдап, соларға баланың тұсауын кестіріп, қызды шығарып салғызу дұрыс емес Қазақ бар жиған-тергенін тойға жұмсай салатыны рас. Ал жинаған ақшасы жетпесе, кредит алудан да тайынбайды. Шыны керек, той жасау бәсеке болып кетті. Тіпті, берген ақшасын қайтарудың бір жолы десе де болады. Содан тойдың сәні артса да, мәні жоғалып бара жатқан сияқты. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген белгілі этнограф әрі дизайнер Ырза Тұрсынзада қазіргі тойдың негізгі кемшілігін атап, той жарысына қатысты пікірін білдірді.

"Тойлар қара малдың деңгейінде өтеді"
"Қазір тойдан шыққан адамдардың айтқан әңгімесін байқайсыз ба? Бәрі бір сарында – анау келді, мынау келді, біреудің киген киімі, дастарқаны жұпыны немесе жақсы болды, қанша жылқы сойылды, қай ресторанда өтті, кім бәйбішесімен, кім тоқалымен келді. Меніңше, бұл – тойға берілген баға. Халық сондай әңгіме айтса, той қара малдың деңгейінде өтті деген сөз", - дейді Тұрсынзада.

Оның ойынша, 500-1000 адамға арналған тойлардың мәні жоқ. Себебі той иесі кімнің келгенін, кімнің кеткенін өзі де білмей қалады. Ол адамдардың сөйлеген сөзі де есте қалмайды. Одан да ет жақын деген адамдарды шақырып, мағыналы да, салиқалы отырыс жасаған дұрыс. Ал ақша артылып бара жатса, тұрмысы төмен адамдарға таратып беруге болады. Оның сауабы да көп.

"Министрден гөрі үйдегі күтушің ниеттес шығар"
"Қазіргі заманда ең жақын деген адамдар саусақпен санарлық қой. Әрі кетсе, 50-100 адам, оған да толмайтын сияқты. Мысалы, мен еврейлердің бір тойында болдым. Оған 15-20 адам ғана жиналды. Сонда әдемі әңгіме, әдемі естелік, әдемі тілек айтылды. Себебі нағыз жақындары ғана жиналды. Ал жақын адамдарда жасандылық жоқ қой. Өздерінің ойын, ниетін ашық жеткізіп, бүкпесіз әңгімелерін айтты. Міне, осындай отырыстар есте қалады", - деп атап өтті Тұрсынзада.

Этнодизайнер тойға халықтың көп жиналғанын ұтымды пайдалану керектігін жеткізді. Халыққа ой салатындай әңгіме айтылуы қажет. Әйтпесе, қазіргі тойларда адамдар мақтау сөздерден аса алмай жатады.

"Ал тойға ең алдымен жақының келсін, тілектесің келсін, ниеттесің келсін. Шақырған министріңнен гөрі, бәлкім, үйіңде жүрген күтушің тілектесің шығар, я болмаса, жағдайы жоқ, ештеңесі жоқ қара шалдың қара кемпірі саған тілектес шығар", - дейді Тұрсынзада.

"Жұрттың сөзінен қорқып барамыз"
Ырза Тұрсынзада тағы бір маңызды мәселені қозғады. Қазақ той жасаса да, тойға барса да, бәрін жұрттың сөзінен қорқып істейді.

"Мысалы, менің үлкен той жасауға жағдайым болса да, немеремнің тұсаукесерін үйімде жасадым. Иә, жұрт "Ырза апамыздың жағдайы жоқ екен, немересінің тұсауын үйінде кесіпті, ақшасын аяды" дейтін шығар. Ей, жұрт айтса, айта берсін. Онда шатағым жоқ. Айта берсін. Қазақтың қорқатыны да сол, мынау бүйдеп айтады, анау сөйдеп айтады. Айтса, ол – айтқан адамның проблемасы", - дейді Тұрсынзада.

Жақында оған бір бір келіншек хабарласып, ақыл сұраған екен. Күйеуі қайтыс болған. Бірақ жұрттың сөзіне қалмау үшін баласына үлкен той жасамақшы.

"Не істеймін, жұрт әкесі жоқ, той жасай алмады дейді. Сенің балаңды солар асырмай ма? Одан да жинаған ақшаңды балаларыңа жібер дедім. Олар шетелде оқиды екен. Бүгін біреудің сөзі үшін өмір сүресің, ертең тағы біреудің сөзі үшін алаңдайсың. Өмірдің бәрі соған кетеді ғой", - дейді этнограф.

"Әншіге сенің ақшаң мен малың құтты"
"Қазір айтсам, айтты дейсіңдер, белгілі әнші-әртістерге пәленше мыңға тұсау кескізеді, осы салтты тағы біреуге жасатады. Оның сый-сияпаты бар. Ал сол ақшаға кестірген тұсаудың ниеті қабыл бола ма? Жоқ па? Білмеймін", - деп ой тастады Тұрсынзада.

Этнограф әншілердің тағы бір "дәстүрі" туралы естіпті. Олар бір күнді тұсау кесуге бөледі екен. Сөйтіп, 50-70 адамды бір күнде жинайды да, конвейер ұқсап барлығының тұсауын кесіп шығады. Сол үшін біраз ақша жинап кетеді.

"Ондай тұсау кесу қазақтың даласында болмаған дүние ғой. Бұл не деген сұмдық? Не деген сорақылық? Не деген көргенсіздік? Ай, айналайын, тұсау кесу деген сенің ұрпағыңның бұл дүниедегі алғашқы қадамы, оны ниеттес адамның кескені дұрыс қой. Әншіге сенің берген ақшаң мен малың құтты", - деп ашынды этнодизайнер.

Оның ойынша, қазіргі адамдар жарнаманың құлы болып кетті. Өзінің атын шығару үшін, беделін көтеру үшін жасайтын сияқты. Ондайда ең алдымен баланың болашағын ойлау керек.

Әншілердің қызды ұзатқаны дұрыс емес
Ырза Тұрсынзада қыз ұзату тойына қатысты өз ескертпелерін де айтты. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде той иелерінің әншілерді жалдап, соларға қыздарын шығарып салғызғаны дұрыс емес.

"Сен қалай оны ай даладағы әртістің қолына ұстатып, шығарып саласың? Шәмшінің әндерін дәріптеп жүрген Қалдыбек Құрманәлі айтты ғой, төрт баласының кімнен тапқанын білмейтін әншілер бар. Сол әртістер келеді де, менің гүлдей өсірген қызымның қолынан ұстап, шығарып салады. Сонда аналар, сіздер қорықпайсыздар ма? Біз ырымшыл халықпыз ғой", - дейді Тұрсынзада.

Оның ойынша, шоу жасамай-ақ, қызды өз шаңырағынан шығарып салу керек. Сол жерде үлгі болатын жеңгелері шынайы тілегін айтып, үлкен кісілер ақ батамен шығарып салса құба-құп.

Сәукелені де әртістер емес, тілектес адамдар ғана кигізуі керек. Себебі ол – адалдық пен тазалықтың белгісі, қыздың, шыққан жерінің болмысын білдіретін киелі бас киім.

Ескі сәукеленің хикаясы
"Маған бір келіншек келіп, сәукелеге тапсырыс берген. Сөйтсем, енесінің сәукелесі бар екен. Қызыңа соны кигізбейсің бе десем, келіспеді, жаңасын алғысы келетінін жеткізді. Басымнан талай нәрсе өтті деп, бір жылап алды. Мен оған қазіргі жағдайға жетіп жатқанына тәубе ету керектігін, барлығы енесінің арқасы екенін түсіндірдім", - дейді Тұрсынзада.

Дизайнер ескі сәукелені тегін жаңартып беруді ұсынады. Келіншек оған келіскен. Артынан өз үйіне шақырып, үлкен кісілерге сол сәукелені таныстыруды өтінген. Оны көрсеткенде отырған қонақтар 40 жыл бұрынғы тарихты еске алып, бір жылап алды. Ал ақсақал кемпірінің ол сәукелені қалай тіккенін де айтып берді.

"Сосын сәукелені алдым да, енесінің немересіне кигіздім. Бәрі шынайы болды. Барлығы шын эмоциямен қыздарын шығарып салды. Енесі де, атасы да, туыстары да күні-түні сәукелені сақтаған келініне алғысын айтты. Осылай жасауға болады ғой. Сондай дүние әрбір шаңырақта бар ғой. Әркім өз шаңырағынан осындай дүние іздесе ғой, шіркін. Халыққа жеткізетін, халықпен бөлісетін, халықты ойландыратын, халықты толғандыратын. Тойдан кеткенде рухани бір азық алып кететіндей тойлар болса ғой", - деді Тұрсынзада.

"Түбінде қазақ бұған тояды"
Этнодизайнер ұлттық киімнің үлгісін сақтауға кеңес беріп отыр. Әйтпесе, бүгінде қазақша көйлекті "жаңаша" кие бастаған. Жеңі ашық көйлектің үстінен камзол, басына сәукеле киіп шыға салады.

"Сосын беташарды шоуға айналдырып жіберді. Оны келін түскен бойда жасамай ма? Келінді үйге кіргіздің бе, шымылдығын тарт та, беташарын жаса. Баяғыда ауылда солай жасаушы еді ғой. Қазір беташарды дүркіретіп жасайды. Басында сәукелесі жоқ, киген көйлегінің түрі анау", - деп толықтырды Тұрсынзада.

Оның ойынша, қазақ өзара бәсекелесіп, бәрін бұрқыратып, дүркіретіп өткізуге тырысады. Рухани азық іздемейді. Шоуға басымдық береді.

"Мен түбінде қазақ бұған тояды деп ойлаймын. Өзім дүниені көп араладым. Сонда бір нәрсеге көз жеткіздім, қазақ – табиғаты, тегі таза халық. Ал табиғаты таза дүниеге не жақсаң да жағылмайды, түбінде ол бәрібір өзінің тазалығымен жеңеді. Мен соған сенемін. Бірақ оған жеткенше қазақ қазақтығын жоғалтпаса екен деймін", - деп түйіндеді Тұрсынзада.

Sputnik Қазақстан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста